Қайта құру кезеңіндегі Қазақстандағы əлеуметтік өзгерістер мен құндылықтар (1982-1991 жылдар аралығындағы қазақ газет материалдар мазмұнын талдау негізінде)

Авторлар

  • S. R. Orazbekova Исследовательский центр «MarketProConsult», Казахстан, г. Алматы

Кілт сөздер:

қайта құру, құндылықтар, əлеуметтік өзгерістер (трансформация), Қазақстанның коммунистік партиясы, социалистік кезең, жариялық, бұқаралық ақпарат құралдары, контент-анализ.

Аңдатпа

Бұл мақала қайта құру кезеңіндегі қазақ мерзімді басылымдарын талдауға бағытталған. Мақаланың негізгі мақсаты – 1982 мен 1991 жылдар аралығындағы қазақ газеттерінің құрылымы мен мазмұнын зерттеу. Талдау  нəтижесінде біз осы зерттеу кезең аралықтарында əртүрлі қазақ газеттерінің мазмұны мен мəні қалай жəне қашан өзгергені туралы біле аламыз. Социалистік кезеңде барлық қазақ газет басылымдары қатаң цензураға тəуелді материалдарды жариялауда орталықтанған түп нұсқаны ұстанған, негізгі бағытты саяси сипаттағы мате-риалдар болса (Коммунистік партияның қызметі, съездер, пленумдер жəне т.б.), ал қайта кұру кезеңінде (1985-1989 жж.) газеттердің тек қана құрылымдар емес, олардың материалдарының мазмұны да өзгере бастайды, ол кезде негізгі назар əлеуметтік-экономикалық салаға аударылады. Мұндай өзгерістер қайта құру кезеңінен (1990-1991 жж.) кейін де жалғасты десе болады. Баспасөз құрылымдарына қатысты цензура əлсіреп, олар ақырындап материалдарды ашық түрде жарялауға қол жеткізеді, əр басылым өзіне тəн ерекшеліктеріне ие бола бастайды. 

Жүктеулер

Жарияланды

2013-04-25

Журналдың саны

Бөлім

Sociology