Университеттің корпоративтік мəдениетін диагностикалау құрылымындағы оқытушы іс-əрекетін ұжымдастарының бағалауы

Авторлар

  • S. E. Jamanbalaeva Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • M. Maulsharif Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • G. S. Abdirayimova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Кілт сөздер:

корпоратив мəдениеті, университет, оқытушылар, бағалау, диагностика.

Аңдатпа

Корпоратив мəдениеті феноменін зерттеу жоғары оқу орындары мекемелерін тиімді басқару үшін аса қажеттілікке айналды. Корпоратив мəдениеті білім беру нарығында жоо-ның жоғары бəсекелестік қабілетіне ие болуының құралы болып табылады.

 

Мақалада əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Оқытушы ұжымдастарының көзқарасында» атты сауалнама жүргізу тəжірибесі сипатталған. Оқытушы іс-əрекетін бағалаудың əдістемелік негізі ретінде «360 градус» əдісі алынды. Бұл əдіс қызметкерді жан-жақтан – басшылармен, ұжымдастармен, бағынушылармен, клиенттермен жəне өзін-өзі бағалауды да қарастырады. Мақалада оқытушының кəсіби жəне жеке қасиеттерін ұжымдастары мен басшылардың бағалауы бойынша жүргізілген зерттеу нəтижесі көрсетілді. Сауална-ма құрастыруда оқытушы іс-əрекетінің оқу-əдістемелік, ғылыми, қоғамдық жəне этикалық-психологиялық қырлары ескерілді. Алынған нəтижелерді сараптаудағы басты қиыншылық туғызған мəселе – зерттеудің алғашқы кезеңінде бағалаудың субъективтілігі, яғни бағалауға ұжымдастардың ағат пікірімен бағаланушының жеке басының ерекшеліктері ықпал етті. Дегенмен де мұндай əдістеме оқытушының өзін-өзі дамытуының құралы болып табылады немесе басшының ұжым жұмысын сараптауына түрткі болады. 

Жүктеулер

Жарияланды

2013-04-25

Журналдың саны

Бөлім

Sociology