Адамның өлім-жітім және өмірлік ұзақтық демографиялық мәселелері
Кілт сөздер:
өлім-жітім, өлім-жітімнің жалпы коэффициенті, жастық өлім-жітім, нәрестелік өлім-жітім, Ратс коэффициенті, өмір сүру ұзақтығы, өмір сүру ұзақтығының күтілімі, өзін-өзі сақтау мінез құлқы, өлім-жітім себептері, эпидемиологиялық өту кезеңі.Аңдатпа
Мақалада авторлар өлім-жітімнің себептерін және өмірлік ұзақтығын әлемдегі жағдайларын зерттейді. Өлім-жітім туылғаннан кейінгі маңызды демографиялық үрдіс болып табылады, себебі өлім-жітімді зерттеу тұрғындардың саны мен құрылымына әсер етеді. Авторлар қоғамдағы адамдар- дың өмір сүру ұзақтыған, өлім-жітімнің теориялық мағынасы мен өлім-жітімнің тәжірибелік әсерін қарастырған. Өлім-жітім туралы мәліметтер демографиялық тенденцияны талдауға, сондай-ақ, де- мографиялық болжам жасауға қажет.









