Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік шаралары
Кілт сөздер:
реформалану, нарықтық қатынастар, мүгедектер, босқындар, көмек, қорғау, бөлектенген топтар, сенімді тәсілдер, технологиялар.Аңдатпа
Қазақстан Республикасының реформалану жағдайларында, нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде миллиондаған адамдар (зейнеткерлер, мүгедектер, жетім балалар, босқындар, т.б.) жедел әлеуметтік көмекті және қорғауды қажет етеді. Әлемде әлеуметтік жұмыстың, соның ішінде халықтың бөлектенген топтарымен әлеуметтік жұмыстың үлкен тәжірибесі жинақталды. Біздің елімізде де аз тәжірибе жинақталған жоқ. Қазіргі кезде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгеріске ұшырады, әлеуметтік қатынастардың шиеленісу үрдістері мағына беруді және талдап қорытындылауды талап етеді. Халықпен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымын, сонымен қатар әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің түсінікті де сенімді тәсілдерін, әлеуметтік технологияларын жасау қажет.









