Бастауыш сынып жасындағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Авторлар

  • G. S. Tursungozhinova Государственный университет имени Шакарима
  • Zh. M. Naurzbaeva Государственный университет имени Шакарима

Кілт сөздер:

шығармашылық, қабілеттіліктер, ойлау, дамытатын ойындар, креaтивтілік, психологиялық-педагогикалық негіздер, интеллект, жетістіктер, шығармашылық іс-әрекет нәтижесі.

Аңдатпа

Бұл мақалада оқушылардың қоршаған орта және басқа адамдармен қарым-қатынас жа- сауда түрлі шығармашылыққызмет барысында жүзеге асатын креативті қабілеттерінің дамуы қарастырылған. Оқушылардың шығармашылық қызметтерінің ерекшеліктерін анықтау үшін фи- лософия, психология-педагогикалық әдебиеттерде берілген аталған түсініктің әртүрлі аспектілері қарастырылды. Креативтивтілікті үйрену когнитивтік процестерді зерттеумен тығыз байланысты жүзеге асы- рылады. Бірінші кезекте бұл бағыттың зерттеушілері креативтілік пен ақыл-парасат деңгейінің бір-біріне қатысын жаңаны жасап шығару және бұрын қалыптасқан білім мен ептілікті игеру және қолдануды өзара қалыптастыру мәселесі ретінде қарастырады. Креативтіліктің жоғары көрсеткіші болашақта шығармашылық жетістікке жетуге мүлдем кепілдік бермейді, тек қана шығармашылыққа деген жоғары уәж болғанда және қажетті шығар- машылық ептілікті игергенде оның пайда болу ықтималдығын дамытады. Кейбір аспектілерді және өз көзқарасын білдіру мен креативті іс-әрекет тәсілдеріне үйрету тәжірибесі, шығармашылық іс- әрекеттерін модельдеу креативтіліктің айтарлықтай өскенін көрсетеді. Сондай-ақ тәуелсіздік, жаңа тіәжірибеге ашықтық, шығармашылыққа деген жоғары қажеттілік сияқты жеке бас қасиеттерін ту- ындатады және күшейтеді. Біз ойындарды мектепке дейінгі балалық шақта өмір сүрген формасында қарастырамыз, ба- стауыш мектеп жасында ойындар өзінің дамытушы мәнін жоғалта бастайды және біртіндеп оқу мен еңбек қызметімен ауыстырылады, аталған іс-әрекет түрлері рақат әкелетін ойынмен салыстырғанда белгілі бір мақсатқа ие болады. Білімнің заманауи жүйесі өзгерген мемлекет пен қоғам жағдайының жылдам және қарқынды дамуын ескеріп отырады. Сондықтан да көптеген оқытушылар балалардың шығармашылық қабілетінің дамуына айрықша көңіл бөледі. Балалардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту тапсырмасын шешуде қызықты мысал ретінде қосымша білім беру мекемелерінің жұмыстарының тәжірибесін айтуға болады. Қосымша білім беру мекемелері балалар мен жасөспірімдердің таным-  ды және шығармашылық қызметтерін белсенді түрде қолдап, ұйымдарда, үйірмелерде, клубтарда, секцияларда көп жылдар бойы үзіліссіз сабақтар жүргізу арқылы белсенді жұмыс істеуде. Жұмыста оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту үшін іс-әрекеттерін бірізді және жүйелі түрде құру, үйлеспейтіндерді байланыстыру, қатысушылардың пікір-тәжірибелеріне сүйену арқылы негізгі күшін біріктіру, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін ұымдастырудың эвристикалық және алгоритимді тәсілдерін қолдану сияқты дағдыларды дамыту қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2014-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Psychology