ЖИТС – оң дәрежелі адамдардың эмоционалдық күйі
Кілт сөздер:
эмоциялық күйлер, ВИЧ/ЖҚТБ – жағымды адамдардағы, психологиялық түзету жұмысы, эмоциялық реакция, стрестік жағдай.Аңдатпа
Мақалада ЖИТС – оң адамдардың эмоционалдық күйін зерттеу және сипаттаумен байланысты сұрақтар қарастырылған. Аталған мәселені зерттеу ЖИСТ – оң адамдарға вирус тасымалдаушылық фактіcіне бейімделуге, өмірлік дағдарысты жеңуге, аурумен күресу үшін өтеушілік механизмдерді тиімді қолдануға және дайындалуға көмектесетін эмоционалдық аймақтың ерекшеліктерін анық- тауға мүмкіндік береді. Зерттеу мақсаты: психикалық денсаулықтың тұрақтануына және туындаған жағдаяттарға ағзаның бейімделу қабілетіне ықпал ететін ЖИТС оң адамдардың эмоционалдық күйін зерттеу және сипаттау. Әдістер: Бектің күйзеліс тесті, Гиссендік соматикалық шағымдар сауалнамасы, Спилбергер Ханин үрейлік тесті, Сердюктің ауруға субъективті қатынас әдістемесі, Синдей Сакс аяқталмаған сөйлем, «САН» көңіл күй, белсенділік, өзіндік сезімді оперативті бағалау тесті және Басс Дарки агрессивтілік тесті. Эмпирикалық зерттеу Алматы және Есік қалаларындағы ЖИТС алдын алу және күресу бойын- ша қалалық және облыстық орталық базасында өтті. Қорытынды: ЖИТС оң дәрежесі бар тұлғалар аурудың барлық кезеңінде психологиялық жұ- мысқа мұқтаж. ЖИТС оң дәрежелілермен психокоррекциялық жұмыстың негізгі нысаны пациенттің эмоционалдық күйі болу керек.









