Жастық кезеңдегі құндық бағдарлаудың əлеуметтік-психологиялық даму ерекшеліктері

Авторлар

  • D. T. Ikhsanova Университет «Туран», Казахстан, г. Алматы
  • A. B. Aimagambetov Университет «Туран», Казахстан, г. Алматы

Кілт сөздер:

құндылықтар, психология, құндылық бағдарлар, жеткіншек шақ, даму, əлеуметтік тəжірибе, сту-денттер, үлгі, интегративті бағыт, саналау, жүзеге асыру, қабылдау, жоғары оқу орны, əлеуметтік белсенділік, қоғам, өзектену.

Аңдатпа

 

Мақалада жеткіншек жастағы құндылық бағдарлардың даму ерекшелігі қарастырылады, осы əлеуметтік топтың құндылық бағдарларын зерттеу құндылық бағдарлардың тұтастай өзгерістерінің мəнді тенденциясын анықтауға мүмкіндік береді. Жеткіншек жас əлеуметтік қажеттіліктерді игеретін кезең, сонымен қатар бұл жаста құндылық бағдарлар жүйесі қарқынды дамиды. Құндылық бағдарлар даму жағдайында қалыптасып, əрі қарай өмірлік таңдауға əсер етеді. Өзінің индивидуалдылығын саналау өзімен жəне өзгелермен өзара қатынас орнатуды əлеуметтік реттеудің маңызды факторы болып табылады. Жоғары оқу орнындағы құндылық бағдарлардың да-муы студенттердің жоғары əлеуметтік белсенділігімен ғана шарттанбайды, сонымен қоса болашақ маманның кəсіби біліктілігі мен шеберлігін де дамытады. Студенттік шақ – əлеуметтік топ ретінде заманауи қоғамның идеяларын тасушы болып табылады, ол тек өз құндылықтарын ғана жүзеге асырып қоймай, келешек ұрпаққа да əсерін тигізеді. Жоғары оқу орнында оқудың арқасында, ғылыми-зерттеу іс-əрекеті барысында, оқу іс-əрекетінің əр түрінде жəне тəжірибе негізінде болашақ мамандарда тек құндылықтар жүйесі ғана емес, кəсіби өзіндік сана да қалыптасады. Жастардың құндылық бағдарларын зерттеу олардың жаңа əлеуметтік жағдайларға жəне оның инновациялық күшіне бейімделу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Дегенмен қандай құндылық іргетас қалыптасатыны қоғамның болашақ жағдайына тəуелді болады. Қазіргі уақытта, құндылық бағдарларды игеру жеке тұлғалық жетістікке жету бағытында өте қажет. Интегративті бағыт арқылы əлеуметтік жəне тұлғалық мəнді мақсаттарға сəйкес кəсіби бағыттылық өзектеледі. Студенттердің құндылық бағдар ерекшеліктерін анықтау интегративті бағыт негізіндегі үлгіні даярлауға мүмкіндік берді, ол үш деңгейге бөлінеді: саналау, қабылдау жəне құндылық бағдарларды жүзеге асыру.

Жүктеулер

Жарияланды

2013-04-25

Журналдың саны

Бөлім

Psychology