Құдайдың тұлғасын бейнелеуі және студенттердің әртүрлі ұстамдылық стильдері

Авторлар

  • F. S. Tashimova Казахский национальный университет им. аль-Фараби
  • A. Rizulla Казахский национальный университет им. аль-Фараби
  • T. Skakov Казахский национальный университет им. аль-Фараби
  • R. Mukhambetova

Кілт сөздер:

өзіндік санасы, діни өзіндік санасы, этникалық санасы, өзіндік сананың гендерлік аспектісі, өзіндік сананың дәрежелік аспектісі, өзін-өзі ұстаудың стильдері.

Аңдатпа

Мақалада студенттердің әртүрлі ұстамдылық стильдері мен олардың Құдайдың тұлғасын бейне- леумен сәйкестенгенЖүріс-тұрыс стилі нәтижелі типке жатқан жағдайдағы студенттер Құдайды Жаратылыстың заңы, абсолюттік ой деп қабылдайды және адам мен Құдай арасындағы қарым-қатынас – өте тығыз және қиын жағдайлардың шешілуіне ықпал етеді деп қарастырылады. Құдай – ақылды, парасатты, жігерлі, талантты, бір деңгейде диалог құруға арналған сырлас ретінде түсініледі. Жүріс-тұрыс стилі эмоцияға бағытталған білімгерлерде Құдай жоғары мағынаға ие, адамның тағдырын шешуші. Сонымен қатар, Құдай махаббат сезіміне толы, барлығын кешіруге дайын тұлға ретінде  қарастырылады. Әлеуметтік-центристік стильдегі білімгерлерде Құдай Жоғары күш және билікке ие, әділқазы. Соңғы екі группа білімгерлерінің көзқарастарында Құдай тұлғасымен қарым-қатынастары тәуелді емес, бір деңгейдегі диалог болып қарастырылмайды. Сол себептен ұстамдылық стильдерінде қорғаныс механизмдері пайда болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2014-12-28