Бақыттың психологиялық компонеттерін зерттеу бағыттарының қалыптасуы

Авторлар

  • N. S. Ahtaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • N. V. Polyvyannaya Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

бақыт, бақыт компоненттері, бақыт формуласы, психологиялық аман-саулық, субъективті аман- саулығы.

Аңдатпа

Бұл мақалада автор заманауи таңдағы бақыт түсінігі мен ерекшелігіне назар аударады. Сонымен қатар автор тарапынан қазіргі таңдағы бақытты психологиялық тұрғыдан қарастырудың қаншалықты маңызды екендігін атап көрсетеді. Қазіргі таңда бақытты сипаттау үшін көптеген түсініктемелер қолданылады. Қазіргі таңда бақытты тек қуанышпен немесе қуанышты қөңіл-күймен сипаттау жеткіліксіз сияқты. Негізінен, бақыт позитивті психология тұрғысынан зерттелінеді. Дегенмен қазіргі таңдағы бақытты əртүрлі психологиялық компоненттермен сипаттау даму үстінде тұр. Сонымен қатар психологиядағы бақыттың актуалдылығы жайлы көп айтылады, əсіресе қазір бақыт психологиялық қанағаттану мен қуанышты көңіл-күй арасында жатқан секілді, яғни «flourish» гүлдену деңгейі деген мағынаны береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2012-09-19