Психологтың кəсіби ой-өрісінің эксплицитті-имплицитті үлгісі
Кілт сөздер:
психологтың кəсіби ой-өрісі, эксплицитті жəне имплицитті теориялар, психологтың кəсіби ой-өрісінің эксплицитті-имплицитті үлгісі, биологиялық, психометрикалық, құрылымдық, құрылымдық-интегративті, субъективті, ресурсты жəне құзыретті əдістер, психологтыАңдатпа
Осы мақалада кəсіби ой-өрісін кешенді эксплицитті-имплицитті зерттеудің нəтижелеріне негізделген психологтың кəсіби ой-өрісінің құрылымдық үлгісі келтірілген.Осы үлгінің əдістемелік негіздемесі болып ой-өрістің имплицитті жəне эксплицитті теориялары, ой-өрісті зерттеуге қатысты биологиялық, психометрикалық, құрылымдық, құрылымдық-интегративті, субъективті, ресурсты жəне құзыретті əдістер табылады.Осы əдістердің негізінде психологтың кəсіби ой-өрісінің анықтамасы нақтыланды, оның құрылымдық бөлімдері анықталды. Психологтың кəсіби ой-өрісінің имплицитті зерттеулері табысты кəсіптік қызметті атқару кезінде қажетті психологтың тəжірибелік құзыретін толықтыруға мүмкіндік берді. Психологтың кəсіби ой-өрісінің ұсынылған құрылымдық эксплицитті-имплицитті үлгісі психологтың кəсіби ой-өрісі – бұл кəсіптік қызметті атқару кезінде белсендірілген түрлі деңгейдегі тану функцияларының бірлігін, қабілеттіліктер мен құзыреттің жүйесін, жеке тəжірибелік ұйым нысанын білдіретін күрделі зиялы қызметі екенін анықтауға мүмкіндік берді. Кəсіби ой-өріс – жалпы ой-өріс сияқты көпөлшемді ұғым жəне оны зерттеуге қатысты көптеген құрамдық бөлшектерді бөліп аламыз. Біз жасаған зерттеуде бұл жалпы, эмоциялы, тəжірибелік жəне эмпирикалық ой-өрістердің өзара байланыстары, кəсіби ой-өрістің құрылымындағы тану үрдістерінің қабілеттіліктері болып табылады. Біздің ойымызша, жоғарыда аталған байланыстарды бақылау маңызды болып табылады, себебі осы байланыстарды түсіну кəсіби психологтарды дайындау стратегиясын, психологтың кəсіби құзыретін анықтауға мүмкіндік береді.









