Қазақстандағы орта таптың стратификациялық белгілері
Кілт сөздер:
орта тап, стратификациялық белгілері, құндылықтар, материалдық жағдайАңдатпа
Орта тап қазіргі кезде қазақстандық қоғамының ең өзекті тақырыптарының бірі болып табы- лады. Осы мақала қазақстандық орта тап анықтамасына және оны анықтау критерийлерін табуға арналған. Мақалада критерийлерді анықтауға арналған әртүрлі амалдардың талдауы қарастыры- лады. Осы тақырыпты аша отырып, автор тек қана бір мезгілде бірнеше критерийлерді қолдану амалы қазіргі кездегі қазақстандық орта таптың құрамына кіретін әлеуметтік топтарды анықтауға мүмкіндік береді деген қорытындыға келеді. Сонымен қатар, мақалада Қазақстандағы орта таптың құндылықтары мен экономикалық стратегияларын анықтауға арналған 2013 жылдың наурыз- сәуір айларында өткізілген зерттеудің кейбір нәтижелері ұсынылады. Осы зерттеудің барысында сауалнама және эксперттік интервьюлер жүргізілді. Мақаланың авторлары орта тапты анықтаудың тәсілдемесін ұсына отырып, қазақстандық орта таптың ағымдағы материалдық жағдайына бағалау және талдау береді.









