Қоғамды ақпараттандыру жағдайларында оқушы тұлғасының құндылықты бағдарларының қалыптасуы: әлеуметтік-педогогикалық аспект
Кілт сөздер:
қоғамды ақпараттандыру, құндылықты бағдарларының қалыптасуы, гуманистік тұлға, аддикция, ғаламтор тәуелділігі, ақпараттық озбырлық жағдайларындағы әлеуметтік-педагогикалық қолдау.Аңдатпа
Мақала, жастар ортасында ақпараттық озбырлық пен аддикцияның жаңа түрлерінің таралуы жағ- дайларында, гуманистік тұлғасының құндылықты бағдарларының қалыптасу мәселесіне арналған. Мақаланың мақсаты: отандық және шетелдік мамандардың мәліметтеріне және өз эмпирика- лық зерттеулерге сүйене отырып, қазіргі заманауи қоғамның күйін ескеретін, мәселенің шиеле- нісуін төмендетуге мүмкіншілік беретін үйлесімді әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ұсыну. Зерттеу міндеттеріне заманауи оқушы тұлғасының гуманистік типін қалыптастырудың мүмкін бола- тын жолдарының жүйелік және мәдениеттанушылық тәсілдері негізіндегі ізденіс жатады. Қоғамдық сана-сезімге масс-медианың кері әсері, әлеуметтік мәдениеттің құндылықты іргетасының бұзылуы жағдайларында мұндай процесс шешімін таппауда. Бізге ақпараттық шайқас жағдайларында жас- тардың миына қонатындай оқушыларды әлеуметтендірудің қолайлы жағдайларын құру әдістерін айқындау, әлеуметтік мағынада дамып келе жатқан тұлға үшін, ақиқат өмірді виртуалды өмірге ал- мастыратын, ең қауіпті деп есептелінетін компьютерлік аддикцияны шектеу және одан сақтандыру әдістерін анықтау маңызды болды. Мақалада біртұтас тұлғаны қалыптастыру мәселелері, жоғары сыныптардың заманауи оқушылары үшін жағымды, басым болатын әлеуметтік құндылықтар си- патталады; оқушылар мен білімгерлердің әлеуметтік-құндылықты бағдарларының салыстырмалы талдауы жасалды; қазіргі заманауи оқушылар мен білімгерлердің құндылықты артықшылықтары мен талғамдарының ұқсастықтары мен белгілі бір айырмашылықтары айқындалды; әлеуметтік-пе- догогикалық қолдаудың және тұлғаның гуманистік потенциалының қалыптасуының өзекті форма- лары мен әдістері, оқу-тәрбие беру процестерін ұйымдастыру алгоритмі және қазіргі заманауи оқу мекемелерінің алдыңғы кезектегі міндеттері анықталды.









