Мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларға көмек көрсетудегі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың өзара әрекеттестігі
Кілт сөздер:
әлеуметтік қорғау, мүмкіндіктері шектеулі балалар, үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік қызметтер, мүмкіндіктері шектеулі балаларға қатысты мемлекеттік әлеуметтік біріктірілген саясат.Аңдатпа
Мақалада мүмкіндіктері шектеулі балалармен мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларға әлеуметтік қызмет көрсету үрдісіндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың өзара байланысының негізгі ысандары қарастырылып, осындай өзара ынтымақтастықтың оңтайлы факторлары мен Қазақстанда мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсету саласында қызмет ететін үкіметтік емес ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктері көрсетілген. Зерттеу объектісі – Қазақстанда мүмкіндіктері шектеулі балалар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларға әлеуметтік қызметтердің көрсетілу үрдісі. Зерттеу мәні – мүмкіндіктері шектеулі балалар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларға әлеуметтік қызмет көрсету үрдісіндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың өзара байланысы. Зерттеу мақсаты – Қазақстанда мүмкіндіктері шектеулі балалар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларға әлеуметтік қызметтерді көрсету үрдісінің механизмін, негізгі қағидаттары мен ерекшеліктерін, оңтайлы және көкейкесті аспектілерін зерттеу









