Қартаю кезеңіндегі бағыт-бағдар құндылығының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері

Авторлар

  • D. Т. Ikhsanova Университет «Туран»

Кілт сөздер:

бағыт-бағдар құндылықтары, қартаю, даму, адам, бағалану, даралық, әлеуметтену, мәдени, жанұя, тұлға.

Аңдатпа

Тұлғаның негізгі қасиетінің бірі, өзін-өзі өзектендіруге, өсуге талпыну болып табылады. Өзін-өзі дамытудағы, өзін-өзі кемелдендіруге талпынуға өзекті мұқтаждық, тұлғалық кемелденудің көрсет- кіші мен оның жетістігінің біркелкі шарты болып табылады. Егер өзінің барлық мүмкіншілік потен- циалын игерсе, ол бүгінгі күні нақты өмір сүреді. Құндылықтар адам өмірінде бағыт-бағдар болып, әлеуметтік бақылау механизмі ретінде қолданыла отырып және мінез-құлыққа ұласады. Әртүрлі жастар этаптарындағы құндылықтардың іске асуын, бақытты сезінумен, қанағаттануды сезінумен ләззаттану болып табылады.Қартаю кезеңіндегі бағыт-бағдар құндылық мәселесі неғұрлым өзекті болып келеді, өйткені ол тек ересек адамның тұлғалық дамуымен байланысты ғана емес, сонымен қатар күйзеліс кезеңдерін бастан өткерумен де байланысты.Бұл кезеңде тұлғалық құндылықтарды жете түсіну мен қайтадан түсіну неғұрлым тереңірек кө- рініс береді.Көпшілік жағдайларда дәстүрлік құндылықтарда айтарлықтай өзгерістер болғандықтан, еліміз- дегі заманауи жағдаяттар құндылықтарды қайта бағалау қажеттігін алға тартады. Бұл жағдайлар үлкеннен кішіге деген табиғи өнеге мәдени-тарихи тәжірибелердің тиімділігін азайтты.Тұлғаның бағыт-бағдар құндылық жүйесі адам өмірінің барлық кезеңдерінде елеусіз қалмайды. Ересек адамға қатысты құндылық жүйесі қалыптасып қойғандықтан оның даралық даму деңгейі жөнінде айтуға болады. Заманауи психология өзінің назарын адамның психикалық дамуын анықтайтын физиоло- гиялық жетілу үрдісіне және психикалық функциялардың дамуына, тұлғаның қалыптасуына, ин- дивидтің тәжірибе жинауына шоғырландырады. Сондықтан қартаю позициясы даму процестерінің қорытындысы ретінде қарастырылады.Білімдердің жинақталған жиынтығының арқасында адам дамуының жас ерекшелік этаптары- ның әртүрлілігі жөнінде негізгі онтегенетикалық дәйек табылған.Сонымен, қартаю психологиялық категория ретінде адамның жасқа деген өзінің жеке көзқарасы. Тұлғаның қартаю түсінігі – психология дамуындағы жаңа салыстырмалы табыс.Алынған нәтижелер болашақта Қазақстандағы қартаю кезеңіндегі бағыт-бағдар құндылықта- рын зерттеуге үлкен жол ашады.

Жүктеулер

Жарияланды

2014-10-28

Журналдың саны

Бөлім

Psychology