Мемлекеттік қызметкерлердегі кәсіби стресстің психологиялық ерекшеліктері

Авторлар

  • E. Barabanova Восточно-Казахстанский государственный университет им. С.Аманжолова, Казахстан, г. Усть-Каменогорск Каспийский государственный университет технологии и инжиниринга им. Ш.Есенова, Казахстан, г. Актау
  • B. Zhumagaliyeva Восточно-Казахстанский государственный университет им. С.Аманжолова, Казахстан, г. Усть-Каменогорск Каспийский государственный университет технологии и инжиниринга им. Ш.Есенова, Казахстан, г. Актау

Кілт сөздер:

стресс, кәсіби стресс, мемлекеттік қызметкер.

Аңдатпа

Мақалада мемлекеттік қызметкерлердегі кәсіби стрестің көрініс алу сұрақтары қарастырылады. Стресс факторларын анықтау бойынша құрылған сауалнама, И.Л. Соломиннің түсті метафоралар әдісі, Люшердің түсті таңдаулар проективті методикасы, Сакс-Сиднейдің «Аяқталмаған сөйлемдер» проективті тесті көмегімен эмпирикалық зерттеулер негізінде ШҚО қалалық әкімшіліктерінің біріндегі мемлекеттік мекеменің қатардағы қызметкерлері мен жоғарғы, орта буын жетекшілеріндегі стресті тудыратын факторлар мен күйзелістің көрініс табу ерекшеліктері көрсетілген. Зерттеу объектісі – мемлекеттік қызметкерлер. Зерттеу пәні – Шығыс Қазақстан облысы қалалық әкімшілігі мемлекеттік қызметкерлерінің кәсіби стресінің психологиялық ерекшеліктері. Зерттеу мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердегі кәсіби стрестің көрініс беруінің ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеудің жалпы гипотезасына – әкімшіліктегі мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби стресі – әкімшілік қызметкерлері жұмысын ішкі ұйымдастыру факторларына, әкімшілік қызметкерлерінің өз жұмыстарына қанағаттану/қанағаттанбауы, сондай-ақ әкімшілік қызметкерлеріне қойылатын әлеуметтік және кәсіби талаптардың жоғары болу факторларына тікелей тәуелді деген жорамал алынып отыр.

Жүктеулер