Өмірлік қиын жағдайларды шешудегі арнайы әлеуметтік қызметтер
Кілт сөздер:
өмірлік қиын жағдай, әлеуметтік қызметтер, әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік көмек.Аңдатпа
Әлеуметтік жұмыс теориясында жалпы қабылданған болып өмірлік қиын жағдайға тар анықтаманың берілуі табылады. Яғни бұл анықтамада, субъект пен объектінің әлеуметтік жұмыста ортақ іс-әрекеттері арқылы берілген өмірлік қиын жағдайға баға берумен қатар, оларды жеңу мен нәтижелерін саралау қарастырылады. Мақалада өмірлік қиын жағдайдың пайда болуы мен оның бұзылу салдарынан пайда болған адам өмірінің тәртіптік бағыты қарастырылған. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы: мүгедектерді реабилитациялау, үйге әлеуметтік көмек бөлімінің ұйымдары, ыммен сөйлеу қызметі мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға жеке көмекші сияқты жаңа бағдарламаларға талдау берілген.









