Зерттеу университетінің корпоративтік мәдениеті социологиялық зерттеудің объектісі ретінде
Кілт сөздер:
университет, корпоративтік, корпоративтік мәдениет, зерттеу, социологиялық зерттеу.Аңдатпа
Мақалада қазіргі замандағы зерттеу университетінің корпоративтік мәдениетін әлеуметтанулық тұрғыдан зерттеудің ерекшелігі талқыланады. Әртүрлі авторлардың зерттеу нәтижелерін жалпылау негізінде, ерекше корпоратив ретіндегі университетке қатысты корпоративтік мәдениеті анықталады. Университеттің корпоративтік мәдениеті оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудың және ЖОО корпорациясының мүдделерін ішкі және сыртқы қоғаммен байланыстырудың құралы ретінде. Университеттің корпоративтік мәдениетін зерттеу стратегиясындағы әлеуметтанулық зерттеу әдістеріне ерекше назар аударылады.









