Бірлескен іс-əрекет психологиялық зерттеулердің пəні ретінде
Кілт сөздер:
бірлескен іс-əрекет, қарым-қатынас, мақсат құрылым процестері, мағыналақ құрылым процестері, ақпараттық жалпы қор, мағыналақ құрылымдардың жалпы қоры.Аңдатпа
Мақалада бірлескен іс-əрекеттің ерекшеліктері психологиялық зерттеудің пəні ретінде қарастырылған. Бірлескен іс-əрекеттің жүелік негізі ретінде мақсатқұрылым процестері анықталған. Бірлескен іс-əрекеттің жетекші факторы болып қарым-қатынастың құрылымдық функциясы көрсетілген. Психикалық функциялардың дамуы түрлі функциялардың жетілуі жолымен емес, ал едəуір күрделі іс-əрекеттерді реттеуге мүмкіндік беретін олардың жүйелерге бірігуі жолымен жүретініне көңіл аударған болатын. Осылайша ол психологиялық жүйелердің құрылуының маңызды сəттерінің бірі ретінде эмоциялар мен бағдарлардың байланысына тура көрсетті. Өзін-өзі реттеу- ге деген қабілеттің қалыптасуы бір субъектіде бұрын екі субъекті арасында бөлісілген қызметтің қосылуы процесінде жүзеге асады деп есептеуге болады. Қарым-қатынас ақпараттық жалпы қорды ғана қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар мағыналақ құрылымдардың жалпы қорын қалыптастырады жəне дамытады.









