Оқыту процесінің психофизиологиялық негіздері
Кілт сөздер:
оқыту процесі, мидың функциялық асимметриясы, тұлғалық қасиеттер.Аңдатпа
Кредиттік жүйелік оқытудың белгісі ретінде оқушылардың пəндерді меңгеру барысындағы жекеленген траекториясы болып табылады. Осыған орай олардың тұлғалық қасиеттерін, келешек мамандардың эмоциялық жəне когнитивті сфераларын зерттеу маңызды болады. Мидың сол жəне оң жартышарларының қызметтерінің арақатынасы (мидың функциялық асимметриясы) биологиялық пен (эволюциялық, этностық) əлеуметтік аспектілеріне, сонымен қатар, жалпыпсихологиялық өзектілікке ие болады. Ойлаудың стильдік ерекшеліктерін түсіну үшін ол болжамға сəйкес мидың оң жартышары оқыту (үйрету) үрдісінде дедукция қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни алдымен ақпаратты синтездеуді, содан соң талдауды жүзеге асырады. Ал мидың сол жартышары, алдымен, тітіркендіргіштерді талдап, содан соң оларды синтездеп, индукция қағидасы бойынша жұмыс істейді. Сонымен, мектеп жəне жоғары оқу орындарында оқыту процесі МФА көрсеткіштеріне байланысты ұйымдастырылса жəне оның негізінде білім алушының психикалық ерекшеліктері есепке алынса, академиялық көрсеткіштердің нəтижесі жақсарары анық.









