Үй шаруашылықтары қаржысының мəні мен ерекшеліктері
Кілт сөздер:
үй шаруашылығы, қаржы, адами капитал.Аңдатпа
Мақалада үй шаруашылығы қоғамның əлеуметтік-экономикалық құрылымының эле- менті ретінде талданады, сонымен бірге адами капитал теориясы тұрғысынан оның əлеуметтік- экономикалық рөлі қарастырылады. Үй шаруашылығының қаржысына жəне оның əлеуметтік тұрғыдан ерекшелігіне ерекше мəн беріледі. Капиталдың толық айналымы өндіріс үдерісінің едəуір бөлігін қамтып отырған нарықтық қатынастар жағдайындағы қаржы жүйесінің дербес буы- нына үй шаруашылығының қаржысын бөліп көрсету бір қатар факторларға байланысты болып отыр. Үй шаруашылығы əлеуметтік-экономикалық агенттер ретінде негізінен отбасы мүшелерінің тіршілік əрекетін қолдауға қажетті игіліктерді тұтыну туралы шешім қабылдайды. Соңында барлық əлеуметтік-экономикалық ресурстар үй шаруашылығына жатады, алайда бұл ресурстар олардың арасында өте əркелкі бөлінген. Үй шаруашылықтарының басым көпшілігі жұмыс күшін иеленіп, басқарады.









