Бастауыш мектеп оқушысының қуаныш сезімінің психологиялық өзгешеліктері.
Кілт сөздер:
қуаныш сезімі, шынайы қуаныш сезімi, ойдағы қуаныш сезімi, бастауыш мектеп оқушысы, үдемелі қалып.Аңдатпа
Бұл мақалада авторлардың экспериментті жұмыстарының нəтижесіне негізделіп жасаған төменгі сынып оқушыларының қуаныш сезімінің динамикалық моделі көрсетілген. «Егер мен сиқыршы болсам ...» атты жұмыс методикасы мен мəліметтер талдауы толығымен берілген.В.В. Абраменкованың зерттеулері 7 жасқа дейінгі жасөспірімдердің қуаныш сезімі біртұтас болатындығын көрсетті. Біздің зерттеулермізде қуаныш сезімі нақты жəне қияли болып бөлінетінін байқадық. Нақты қуаныш сезімі деп аз бақыланатын вербалды жəне вербалды емес мінез-құлықты түсінеміз. Ал қиялдағы қуаныш сезімі деп оқушылардың ойындағы жағдайдағы істеген əрекеттерін жазып көрсеткен хат сияқты, бақылана алатын мінез-құлықты айтамыз.









