Келешек адамы: субъектілік пен биологиялық емес субстрат бірігуінің психологиялық мәселелері.
Кілт сөздер:
неомен, сознание, язык, ощущение, эмоции, чувства, образ, символ, знак, бессмертие.Аңдатпа
Мақала «Ресей 2045» қоғамдық қозғалыс проектісімен байланысты психологиялық және технологиялық мәселелерге арналған. Автор проектіні енгізу нәтижесі ретінде неомен (жаңа адам) түсінігін енгізеді де, адам сана- сы мен биологиялық емес субстрат бірігуімен байланысты негізгі мәселелерді сипаттайды. Кибернетикалықтың ажалсыздық идеясы бір мезгілде көптегенэтикалық, эпистемологиялық, экзистенциалды сипаттағы мәселелерді алға шығаратын ғылыми және технологиялық мәселе болып табылады.
Автордың пікірінше, санаға изоморфты жүйені изофункционализм динамикасында қарастырып, оның көмегімен адам мен кибержүйе қызметіндегі ұқсас физикалық, химиялық, биологиялық, нейропсихологиялық және психологиялық процестерді салыстырып қарау керек. Яғни, кибержүйені әзірлеу барысында жалпыжүйелік заңдылықтарды сақтаған жөн: өзара изоморфизм және изофункционализм жағдайындағы жүйелерде ұқсас жүйелік қасиеттер болуы қажет.
Негізін салушы автор болып табылатын психологияның интегративті моделінде тұлға санасы гомеостазға, ортамен мақсатты әрекеттестікке, бейімделуге қабілетті, өзін-өзі дамыту және қалыптасқан жағдай мен тіршілік етудің жаңа жағдайларына сәйкес жаңа құрылымдар мен қосалқы жүйелер тудыруға қабілетті күрделі, ашық әрі көпкомпонентті жүйе ретінде түсіндіріледі.
Изофункционализмнің әдістемелік принциптеріне сәйкес, автор сана тілдері (сезімдер, эмоциялар, бейне- лер, символдар, белгілер) концепциясын неомен субъектілігін моделдеу ортасы ретінде қолдануды ұсынады. Мақалада эмоциялар мен сезімдерде, бейнелерде, символдар мен белгі жүйелеріндегі субъектілі шындықтың қызмет ету ортасын моделдеумен байланысты қиындықтар жете талданады.









