АСБ бар адамдардың өмір сүру сапасы тұрғысынан АВА-терапиясы мен физикалық белсенділігіне қатысты ата-аналар бағалауының салыстырмалы талдауы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS20994626

Аңдатпа

Мақала аутизм спектрінің бұзылысы (АСБ) бар адамдардың өмір сүру сапасы тұрғысынан ABA-терапиясын (мінез-құлықты қолданбалы талдау) мен физикалық белсенділігіне қатысты ата-аналардың бағалауларын салыстырмалы талдауға арналған. Зерттеудің өзектілігі АСБ бар адамдардың коммуникативтік, әлеуметтік, бейімделу және мінез-құлық дағдыларын дамытудың әртүрлі тәсілдерінің мүмкіндіктерін зерделеу қажеттілігімен, сондай-ақ Қазақстанда осы бағыттағы зерттеулердің жеткіліксіздігімен байланысты. Зерттеудің мақсаты — ABA-терапиясы мен дене белсенділігін қолдану жағдайында АСБ бар адамдардың күнделікті өмірдегі қызмет ету ерекшеліктеріндегі өзгерістерге қатысты ата-аналар бағалауының айырмашылықтарын анықтау. Эмпирикалық зерттеу 2026 жылғы қаңтар мен маусым аралығында Алматы қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың базасында жүргізілді. Қосымша сапалық мәліметтер алу мақсатында ашық сұрақтар енгізілген сандық сауалнама қолданылды. Зерттеуге АСБ бар балалар мен ересектердің 231 ата-анасы қатысты. Деректер Google Forms платформасы арқылы таратылған құрылымдалған сауалнаманың көмегімен жиналды. Респонденттердің 56-сы ABA-терапиясын, ал 175-і дене белсенділігі мен спортты қолдану тәжірибесі туралы хабарлады. ABA-терапиясы тобындағы 35 ата-ана (62,5%) және дене белсенділігі тобындағы 174 ата-ана (99,4%) оң өзгерістерді атап өтті. Ата-аналардың бағалауы бойынша, ABA-терапиясы негізінен бейімделу, мінез-құлық және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларының дамуымен байланысты болса, дене белсенділігі әлеуметтік өзара әрекеттесудің, эмоционалдық жағдайдың, коммуникация мен дербестіктің жақсаруымен байланысты. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Алматы қаласында тұратын отбасылардың деректері негізінде екі тәсілге қатысты ата-аналар бағалауын салыстырудан тұрады. Алынған нәтижелер өзгерістерді субъективті қабылдауды көрсетеді және араласу тәсілдерінің себеп-салдарлық байланыстарын немесе салыстырмалы тиімділігін анықтауға мүмкіндік бермейді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы алынған деректерді АСБ бар адамдардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оларды қолдау және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларын әзірлеуде пайдалану мүмкіндігімен анықталады. Нәтижелер өмір сүру сапасын бағалаудың стандартталған құралдарын қолдана отырып, қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігін көрсетеді.

Түйін сөздер: ABA-терапиясы, физикалық белсенділік, аутизм спектрінің бұзылыстары, ата-аналардың бағалауы, өмір сүру сапасы, әлеуметтік бейімделу.

 

Автор өмірбаяндары

  • М. Ахмуллаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

    (корреспондент-автор) - «8D03103-Әлеуметтану» мамандығы бойынша 3 курс докторанты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail:  madinakarat@inbox.ru)

  • А. Калиева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

    әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар кафедрасының доцент міндетін атқарушы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті  (Алматы, Қазақстан, e-mail:  kaliyeva.aliya1982@gmail.com)

  • А. Исаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

    саяси ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: Isaev.Issaev.Ablaziz@mail.ru)

  • Ж. Кабаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

    философия ғылымдарының докторы, гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: Kabaeva_zha@mail.ru)

Жарияланды

2026-11-19