Қазақстан жастарының көші-қон мобильділігі мен өзін-өзі жүзеге асыру стратегиялары

Авторлар

DOI:

10.26577/JPsS20269727

Аңдатпа

Мақалада қазақстандық жастардың көші-қондық ұстанымдары, олардың әлеуметтік күтулері, өмірлік стратегиялары және кәсіби мобильділік мотивтері талданады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан жастарының көші-қондық ұстанымдарын, әлеуметтік күтулерін, өмірлік стратегияларын, сондай-ақ кәсіби және білім беру мобильділігі туралы түсініктерін талдау. Зерттеудің эмпирикалық базасын Қазақстанның алты қаласынан 18–30 жас аралығындағы 60 жас азаматпен жүргізілген фокус-топ материалдары құрады. Зерттеу үш негізгі мәселеге шоғырланды: тұлғалық және кәсіби даму перспективаларын қабылдау; эмиграция мен уақытша мобильділікке қатынас; шетелге шығуды кәсіби және өмірлік жоспарлау стратегиясы ретінде түсіндіру. Нәтижелер қазақстандық жастар көші-қонының негізінен прагматикалық сипатқа ие екенін көрсетті. Ол экономикалық қажеттілікке қарағанда кәсіби және тұлғалық өзін-өзі жүзеге асырумен көбірек байланысты. Уақытша халықаралық мобильділік адам капиталын жинақтау құралы әрі кейін оны ұлттық контексте іске асыру мүмкіндігі ретінде қарастырылады және отанмен түпкілікті үзіліс ретінде қабылданбайды. Алынған нәтижелер жастар мобильділігінің әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды ресурсы ретіндегі рөлін нақтылауға мүмкіндік береді және мемлекеттік жастар саясатын әзірлеуге практикалық негіз қалыптастырады.

Түйін сөздер: көші-қондық ұстанымдар, жастар, адам капиталы, Қазақстан, әлеуметтік күтулер, өмірлік стратегиялар, халықаралық мобильділік.

Автор өмірбаяндары

  • Ж. Аргынбаева, Нархоз университеті

    (корреспондент- автор) – PhD, қауымдастырылған профессор, Нархоз университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: zhanar.argynbayeva@narxoz.kz)

  • Э. Адилова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD, аға оқытушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: elnura.adilova@mail.ru)

  • Д. Кожабекова, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

     кеңесші, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы (Астана, Қазақстан, e-mail: okane82@mail.ru)

  • К. Амуртаева, Қазақстандық қоғамдық даму институты

    сарапшы-кеңесші, Қазақстандық қоғамдық даму институты (Астана, Қазақстан, e-mail: amurtaevak@gmail.com)

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-19