Тұлғаның өзін-өзі реттеуі психологиялық әл-ауқатты арттырудың құралы ретінде

Авторлар

  • К. Адильжанова Семей медициналық университеті, Семей, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5690-0444
  • Ш. Кадирсизова Семей медициналық университеті, Семей, Қазақстан https://orcid.org/0009-0009-2195-9484
  • Н. Карипжанова Alikhan Bokeikhan Univtrsity, Семей, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-6865-1860
  • И. Шеститко Максим Танка атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті, Минск, Беларусь https://orcid.org/0009-0005-8792-0444

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS20259541

Аңдатпа

Зерттеу тұлғаның психологиялық әл-ауқаты мен өзін-өзі реттеу механизмдерінің өзара байланысын талдауға бағытталған. Бұл механизмдер эмоциялық тепе-теңдікті, когнитивтік функциялардың тұрақтылығын және өзгермелі әлеуметтік-мәдени жағдайларға бейімделу қабілетін қамтамасыз ететін ішкі реттеуші үдерістер ретінде қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі қазіргі психологияда субъективті әл-ауқат құрылымына және адамның ішкі тұтастығын сақтауға, эмоционалдық-дисгармонияның алдын алуға мүмкіндік беретін психологиялық тетіктерге деген қызығушылықтың артуымен айқындалады.

Зерттеудің мақсаты – өзін-өзі реттеудің негізгі компоненттерінің (жоспарлау, модельдеу, бағдарламалау, нәтижелерді бағалау және мінез-құлық икемділігі) субъективті және психологиялық әл-ауқат көрсеткіштеріне әсерін анықтау. Мұндай тәсіл өзін-өзі реттеуді жеке бейімделудің және өмірге қанағаттанудың деңгейін айқындайтын көпдеңгейлі динамикалық жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Нәтижелер өзін-өзі реттеу деңгейі мен әл-ауқат компоненттерінің арасындағы тұрақты оң байланысты көрсетті. Реттеушілік дағдылардың жоғары болуы автономияның, жеке өсуге ұмтылыстың, өзін қабылдаудың және әлеуметтік қатынастардың конструктивтілігінің күшеюіне ықпал ететіні анықталды.

Зерттеудің құндылығы – эмоционалдық тұрақтылықты сақтайтын психологиялық ресурс ретінде өзін-өзі реттеудің рөлін нақтылауда. Алынған деректер эмоционалдық қолайсыздықтың алдын алуға және субъективті әл-ауқатты арттыруға бағытталған психологиялық интервенцияларды әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

Түйін сөздер: тұлға, өзін-өзі реттеу, психологиялық қанағат, субъективті қанағат, психикалық денсаулық, автономия.

Автор өмірбаяндары

  • К. Адильжанова, Семей медициналық университеті, Семей, Қазақстан

    (корреспондент- автор) – PhD, қауымдастырылған профессор м.а., Семей медициналық универсиеті, жалпы білім беретін пәндер кафедрасы,  Семей, Қазақстан, e-mail: adilzhanova77@mail.ru

  • Ш. Кадирсизова, Семей медициналық университеті, Семей, Қазақстан

    PhD, қауымдастырылған профессор м.а., Семей медициналық универсиеті, жалпы білім беретін пәндер кафедрасы,  Семей, Қазақстан, e-mail: shynarrr1982@mail.ru

  • Н. Карипжанова, Alikhan Bokeikhan Univtrsity, Семей, Қазақстан

    Педагогика және психология мамандығының 3 курс докторанты, Alikhan Bokeikhan Univtrsity, Семей, Қазақстан, e-mail: gulbarshin63@mail.ru

  • И. Шеститко, Максим Танка атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті, Минск, Беларусь

    PhD, доцент, Максим Танка атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті, Минск, Беларусь,e-mail: irina.shestitko14@gmail.com

Жарияланды

2025-12-22