​Қазақстан мектептерінің жоғары сынып оқушыларының кәсіби ұстанымдарының қалыптасуы

Авторлар

  • М. Шнарбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-1350-2806
  • М. Садырова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-8016-6278

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v91.i4.10

Аңдатпа

Болашақ мамандықты таңдау әрбір жоғары сынып оқушысының өмірінде маңызды кезең. Еңбек нарығындағы жаңартулар жастар ортасында кәсіби ұстанымдардың өзгеруіне ықпал етуде. Кәсіби таңдау жасауда жоғары сынып оқушыларының қызығушылықтары мен жеке жоспарлары және сыртқы орта факторлары арасында қарама-қайшылықтар болуы мүмкін. Мақалада жоғары сынып оқушылары арасында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу жоғары сынып оқушыларының кәсіби ұстанымдарының қалыптасу ерекшеліктерін талдауға бағытталған. Іріктеу жиынтығы 558 жоғары сынып оқушыларын құрайды. Респонденттердің әлеуметтік-демографиялық құрылымы жыныс, мектеп типі, ұлт, тұрғылықты мекен-жай секілді барлық маңызды көрсеткіштерді қамтиды. Алынған мәліметтерге сүйенсек, оқушылардың басым бөлімі таңдайтын мамандығы туралы әр түрлі сенімділік деңгейде шешім қабылдаған. Кәсіби айқындалуда кәсіби бағдарлау жұмысының ықпалы байқалады. Өз бетінше профориентациялық кеңестер қызметін алған жоғары сынып оқушылардың болашақ мамандығы туралы сенімділік деңгейі мектепте жүргізілген профориентациялық жұмыспен шектелген қатарластарына қарағанда жоғарылау. Жоғары сынып оқушыларының басым көпшілігінің соңғы үш жылда кәсіби ұмтылыстары өзгерген. Өзгеріске еңбек нарығындағы жағдай және ата-ананың, мұғалімдердің кеңестері әсер еткен.

Алынған мәлімет кәсіби бағдарлау жұмыс тиімділігін арттыруда, мектеп оқушыларының кәсіби таңдауын болжауда қолданыс таба алады. Теориялық маңыздылық жоғары сынып оқушыларының кәсіби ұстанымдарының қалыптасуын әр түрлі факторлар ықпалын ескере отырып түсінуге негіз болуымен байланысты. 

Түйін сөздер: мамандық, кәсіби ұстанымдар, мектеп типі, мемлекеттік мектеп, еңбек нарығы, кәсіби бағдарлау жұмысы.

Автор өмірбаяндары

  • М. Шнарбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    (корреспондент автор) – PhD, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: meru_12_12@mail.ru

  • М. Садырова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    әлеуметтану ғылымдарының докторы, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: msadirova@gmail.com

Жарияланды

2024-12-24