Социально-гуманитарное образование в эпоху глобализации

Авторлар

  • G. O. Abdikerova Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0003-2858-6245

DOI:

10.26577/JPsS.2020.v75.i4.06

Аңдатпа

Мақалада жаһандану жағдайында әлеуметтік-гуманитарлық білімнің даму перспективалары қарастырылады. «Жаһанданудың әсерінен адамдардың өмірі жақсы жағына қарай айтарлықтай өзгеруде» дейді америкалық ғалым Дж. Ритцер (2018). Қазіргі уақытта жастардың ең алдыңғы қатарлы бөлігі өздерінің қалыптасуы мен тұлғалық тұрғыдан өсуі үшін жаһанданудың жағымды әсерін пайдаланады, ал сәтсіздікке ұшырағандар аутсайдерлерге айналады, мемлекеттің әлеуметтік қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, қоғамның маргиналдық топтарының санын толықтырады. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қатыгездіктің көбеюі

– бұл, әлеуметтік әл-ауқаттың төмендігінен сапалы білім мен лайықты өмір сүруге қаражаттың жетіспеушілігінен болып отыр.

Зерттеудің мақсаты – жаһандану дәуіріндегі әлеуметтік-гуманитарлық білімнің дүниета- нымдық басымдықтарын анықтау. Зерттеудің маңыздылығы модернистік көзқараспен қатар өркениеттік тәсілді өзектендіруге тікелей байланысты. Теориялық және эмпирикалық талдаудың нәтижелері қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік дағдарыстардың күшеюін, білім мен мәдениет, дүниетаным құндылықтары тұрғысынан елдің жастардың әлеуетінің  стратификациясын, ұрпақтар арасындағы алшақтықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Жас ұрпақтың қажеттіліктерін көтеретін қуатты экономика ғана әлеуметтік дағдарыстармен күресуге жағдай жасай алады. Білім мен мәдениеттің жоғары деңгейі, жастардың интеллектуалды және ғылыми әлеуеті тек экономикалық өсу жағдайында және қоғамның жоғары адамгершілік ахуалы жағдайында жасалуы мүмкін.

Түйін сөздер: жастар, әлеуметтік-гуманитарлық білім, жаһандану, дүниетанымдық басымдықтар, нарықтық қоғам, рационализация.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-01-05

Журналдың саны

Бөлім

Sociology