Теория геротрансцендентности: направления, применение и понимание некоторых ее аспектов
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v75.i4.03Аңдатпа
Бұл мақаланың мақсаты – Л. Торнстамның геротрансценденттілік теориясын және оның мазмұнын қарт пен кәрінің жұмысын зерттеудің жаңа парадигмасы ретінде қарастыру. Геро- трансценденттілік теориясы психологиялық өзгерістер — жеке, әлеуметтік және ғарыштық
деңгейлерде орын алатын оң қартаюдың тұтас эталоны болып табылады. Бұл модель шындықтың психологиялық көрінісі мен қарт және кәрі жастағы қоршаған ортамен өзара әрекеттесудің ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту Қазақстан мемлекетінің табысты дамуы үшін басты міндеттердің бірі болуға тиіс. Геротрансценденттіліктің үш компонентін зерттеуге арналған геротрансценденттік өзгерістер сауалнамасының (МИБ) көмегімен 50-ден 85 жасқа дейінгі адамдарға эмпирикалық зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша, жас геротрансценденттіліктің пайда болуының шарты болмай шықты және бұл зерттеу гипотезасын толығымен растады. Себебі, геротрансценденттілік жасқа тікелей байланысты емес, оны қартаю процесінің негізгі сипатымен байланыстыруға болмайды, ол тек геротрансценденттіктің өту барысына және қызметіне тұтастай әсер етуі мүмкін. Геротрансценденцияның пайда болу шарттары өзін-өзі қабылдау, өткенді оң бағалау, адамның әлеуетіне сену және позитивизмге ұмтылу сияқты сипаттамалар байланысты болуы мүмкін.
Түйін сөздер: геротрансценденттілік, ғарыштық өлшеу, өзін-өзі өлшеу, қарым-қатынасты өлшеу.









