16-18 жас аралығындағы жеңіл атлетші спортшылардың әлеуметтік-тұлғалық мотивтері
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v74.i3.06Аңдатпа
Зерттеу мақсаты 16-18 жастағы жеңіл атлетші спортшылардың жеңіл атлетикамен айналысудағы әлеуметтік-тұлғалық мотивтері және жарыс іс-әрекетіне мотивациялық бағдарын зерттеу. Эксперименталды топқа 24 спортшы қатысты және олар спорттық шеберлік деңгейіне қарай екі топқа бөлінді. Алынған деректер жеңіл атлетші спортшылардың әлеуметтік-тұлғалық мотивтер үстемділігіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтады. Шеберлік деңгейі жоғары болған сайын, жеңіл атлетші спортшылардың жетістікке жету мотивы жоғарылай түседі. Бұл – анағұрлым жоғары разрядтағы спортшылар стрессті жарыс жағдайында алға қойылған мақсаттарға белсенді және тұрақты қол жеткізеді. Бірінші разрядты спортшыларда аралас мотивация басым, ол ықтимал сәтсіздіктерді ойлануға, жаттығулар техникасын мұқият өңдеуге, жарыс іс-әрекеттері тактикасын қарастыруға, қарсыластары туралы ақпарат жинауға ынталандырады. Сонымен қатар, кәсіби іс-әрекетке бағытталған мотивация спортшылардың ұзақ өмір сүру шарты болып табылады, әсіресе, егер олар спорттық және оқу әрекетімен қатар айналысса. Сондай-ақ, жетістікке жету бағдарлығы төмен болғандықтан, төмен разрядты спортшылар арасында тренер тарапынан мақсатты психологиялық-педагогикалық жұмыс жүргізілуі тиіс. Мақалада көрсетілген нәтижелер жеңіл атлетші спортшылардың ЖОО оқуға бағдарланғанын дәлелдейді. Сонымен қатар, жаттықтырушы-тренер мақсатты түрде 16-18 жас аралығындағы спортшылардың спорттық іс-әрекетке бағытталған өзекті мотивтерін нығайту үшін жағдай жасауы қажет. Бұл төмен разрядтағы спортшылардың жеңіл атлетикамен ұзақ уақыт айналысуына мүмкіндік жасайды.
Түйін сөздер: әлеуметтік-тұлғалық мотивтер, спортшылар, жеңіл атлетика, жетістікке жету.









