Қарт адамдардың әлеуметтік мәртебесі мен өмір сүру сапасы
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v74.i3.05Аңдатпа
Егде жастағы адамдардың үлес салмағының үнемі өсуі барлық дамыған елдерде ықпалды әлеуметтік-демографиялық үрдіске айналуда. Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер, бірқатар қауіпті ауруларды бақылауға алу, өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығының өсуіне әкеледі. Адамзат қартайып келеді және бұл жаһандық деңгейде шешілуі тиіс күрделі мәселеге айналуда.
Мақалада жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, әлемде қарт адамдар санының өсуі, Қазақстан Республикасында егде жастағы адамдардың әлеуметтік мәртебесі, олардың құқықтарын қорғау және олардың әлеуметтік мәселелері және әлеуметтік қолдау көрсету жолдары қарастырылған. Мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарына талдау жасалынды.
Қарттық кезеңінің ерекшеліктері, адамның циклдік өмір жүйесіндегі спецификалық ролі, қарттық кезең өзіндік дамудың жалпы перспективасын көрсетеді. Сондай-ақ, «егде жастағы адам», «қарт адамдар», «ұзақ өмір сүрушілер» ұғымдарына талдау жасалынды. Қоғамның демографиялық қартаюын өлшейтін бірнеше көрсеткіштер жайлы және қартаю заңдылықтарын зерттейтін геронтология ғылымының негізгі бағыттары айқындалды.
Сонымен қатар, қоғам дамуындағы түрлі интеграциялар, аға ұрпақ пен кейінгі ұрпақ арасындағы қарым-қатынастардың алшақтауына, әр ұрпақтың бұрынғыдан өзгеше өмір сүру дағдысының өзгерісі турасында әлеуметтенудің кезеңдеріне арнайы сандық зерттеу жүргізілді, жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде қарт адамдардың негізгі мәселелері айқындалды.
Түйін сөздер: егде адамдар, қарт адамдар, ұзақ өмір сүрушілер, әлеуметтік мәртебе, әлеуметтік қауіп-қатерлер, әлеуметтену.









