Халықаралық тәжірибедегі жастардың жұмысқа орналасуы
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v74.i3.03Аңдатпа
Мақаланың басты мақсаты озық елдердің тәжірибесіндегі жастардың жұмыспен қамтылу мәселесін талдау болып табылады. Жұмыссыздық пен жұмысқа орналасу мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар әлемдік деңгейдегі мәселе. Осындай проблеманың өзектілігі соңғы жылдары іске асырылып жатқан заңнамалық, ұйымдастырушылық және қаржылық бастамаларды қоса алғанда, жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі үздік ұлттық тәжірибелерді талдау қажеттілігін айқындайды. Мақалада, АҚШ университеттеріндегі кеңінен қолданылатын кәсіби карьера орталықтарындағы карьера коучинг тәжірибесіне, Германиядағы жұмыссыздарды қайта оқыту тәжірибесіне, Францияда «Жаңа қызметтер – жастар үшін жұмыс орындары», «Мемлекеттік ЖОО-дағы жұмыс орындары жастар үшін» сияқты бірқатар шет елдердегі жастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі стратегиялар мен бағдарламаларға назар аударылды. Сонымен қатар мақалада соңғы жылдардағы елдердің жұмыссыздық деңгейі туралы статистикалық деректер келтірілген. Талдау барысында шетелдік тәжірибедегі жастардың жұмыспен қамтылу мәселесінде тиімді жүзеге асып жатқан кейбір үлгілерді қазақстандық жастарды жұмысқа орналасу мәселесін шешуде қолдануға ұсынамыз. Нақтырақ айтсақ, жапондық «Байто» және АҚШ - тың «Жоғары білім берудегі мансаптық коучинг
– мақсатты оқыту» үлгілері. Алайда, жоғарыда аталған шетелдік тәжірибелерді енгізу кезінде міндетті түрде елдің жалпы процестерін де, ерекшеліктерін де ескеру маңызды.
Түйін сөздер: жастар, жұмысбастылық, халықаралық тәжірибе, еңбек нарығы.









