Қазақстандық топ-менеджер әйелдердің әлеуметтік құндылықтары мен мәртебесі

Авторлар

  • T. B. Tauyekelova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-5375-0938
  • D. B. Amantaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-1077-8329

DOI:

10.26577/JPsS.2020.v74.i3.02

Аңдатпа

Мақалада қазақстандық топ-менеджер әйелдердің әлеуметтік құндылықтары мен мәртебесі, олардың әлеуметтік портретінің методологиялық-теориялық аспектісі қарастырылады. Қазіргі уақытта  топ-менеджерлердің  басқару  теориясы  мен   тәжірибесінің   өзекті   бағыттарының   бірі олардың әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыру процесі болып табылады. Топ- менеджердің кәсіби қызметіне қажетті тұлғалық және әлеуметтік құндылықтарды анықтау мен мазмұндаудың әр түрлі тәсілдеріне негізделеді. Әйел  топ-менеджердің  әлеуметтік  портреті  мен имиджін қалыптастыру біздің әлеуметтік зерттеуіміздің басты міндеті болып табылады.  Бірақ көптеген факторлар қазіргі заманғы басқарушылардың әлеуметтік құндылықтарының қалыптасуына, қазіргі менеджмент стандартына сәйкес болуына мүмкіндік бермеуде. Топ- менеджерлердің әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыру мен оларды зерттеу қажеттігі, бір жағынан, менеджмент саласының дамуы мен менеджерлерге деген жаңа талаптың күшеюімен, екінші жағынан, адамдарды жаңаша басқара білу қажеттілігінен туындауда. Қазіргі кезде топ-менеджерлердің әлеуметтік құндылықтары толығымен қабылданған да және позитивті бағаланған да жоқ, бұл белгілі бір шамада үдерісті қиындатуда. Басқару қызметіндегі тұлғалық және кәсіби құндылықтардың реттелуі жеткіліксіз, сондықтан да аталған мақала қазақстандық топ-менеджер әйелдердің құндылықтар жүйесінің қалыптасуын мақсатты бағытталған басқаруға қажеттігін анықтайды. Өзекті ғылыми міндет – осы әлеуметтік-кәсіби топтың құндылықтар жүйесінің қалыптасуына, оның басқару механизмін өңдеуге арналған. Зерттелетін феноменнің анықталған өлшемдері мен көрсеткіштері негізінде олардың әлеуметтік құндылықтар деңгейін анықтау мақсатында зерттеу әдістері (экперттік интервью) жүргізілді.

Түйін сөздер: топ-менеджер, мәртебе, рөл, құндылықтар, әйел образы.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-11-20