Болашақ мамандардың инновациялық мәдениетін қалыптастыру диагностикасы

Авторлар

  • G. D. Baubekova Туран-Астана университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
  • S. K. Zhantikeyev Туран-Астана университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.

DOI:

10.26577/JPsS.2020.v74.i3.01

Аңдатпа

Мақалада қазіргі кезеңдегі білім беру дағдарысынан шығу факторларының бірі ретінде бола- шақ мамандардың инновациялық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ болашақ мамандардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру рөлі атап өтіледі. Инновациялық педагогикалық тех- нологиялар болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру әдісі ретінде әрекет етеді.

Зерттеу барысында алынған теориялық зерттеулер мен эмпирикалық мәліметтер негізінде ЖОО студенттерінің инновациялық мәдениетінің қалыптасуының келесі параметрлері анықталды: инновациялық білім; инновациялық іскерліктер; инновациялық қабілеттер; инновациялық құндылықтар. Олардың әрқайсысы бойынша ЖОО студенттерінің инновациялық мәдениетін бағалау үшін нормалар әзірленді.

Авторлар ЖОО студенттерінің инновациялық мәдениетінің қалыптасуының бастапқы деңгейінің (1 курс) және бітірушілердің (4 курс) деңгейінің диагностикасын әзірледі. Мақала соңында жасалған жұмыстың негізінде әзірленген ұсыныстар ұсынылады. Қызметтің осы түріне тән міндеттерді шешу негізінде қалыптасқан инновациялық мәдениеті бар маманның кәсіби қалыптасуын ұйымдастыру  орынды:  түсініктер  мен  мағыналарды  құрастыра  отырып  білім  мен дағдыларды игеру, инновациялық ортаны модельдеу негізінде кәсіби міндеттерді шешу, қызметті жобалау, жеке білім беру міндеттері мен оларды іске асыру бағдарламалары негізінде кәсіби қозғалыстың өзіндік траекториясын құру.

Түйін сөздер: инновациялық технологиялар, инновациялық мәдениет, тұлға, мамандарды дайындау.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-11-20