Генетикалық маркерлермен тұлғалық қасиеттердің және интеллектінің өзара байланысы
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v73.i2.19Аңдатпа
Қабілеттіліктің генетикалық зерттеулері адамның танымдық функцияларындағы жеке айырмашылықтардың негізін құрайтын механизмдер туралы түсінік береді. Мұндай зерттеулердің өзектілігі қабілеттердің онтогенетикалық даму жолын болжау мүмкіндігімен және тұлғаның жетілуінің алдыңғы кезеңдерінде бағытталған күш-жігердің бағытын таңдаумен байланысты. Бұл мақаланың мақсаты Қазақстанда тұратын 7 жастан 18 жасқа дейінгі қатысушылардың гендік полиморфизмдерінің танымдық қабілеттерімен және тұлғалық ерекшеліктерімен байланысын зерттеу болды. Интеллект пен тұлғалық қасиеттерді кешенді психометриялық өлшеу мен молекулалық-генетикалық зерттеудің алғашқы нәтижелері ұсынылды. 50 геннің полиморфизмінің өзара байланысы, зерттелген полиморфты аллельдердің жиіліктік таралуының вербальды және вербальды емес интеллект көрсеткіштерімен және 27 сыналушының тұлғалық ерекшеліктерінің
14 факторымен байланысын бағалау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері әдебиеттерде бұрын сипатталған белгілі аллельдердің интеллект көрсеткіштерімен және тұлғалық факторлармен басым болуы арасындағы кейбір өзара байланыстарды растайды. Айта кету керек, бұл зерттеу Қазақстанда алғаш рет жүргізілді және болашақта тек қазақстандықтарға тән мұндай өзара байланыстардың белгілерін алуға болады. Осыған байланысты біз әр түрлі жастағы топтардағы үлгіні көбейтумен және одан әрі экзекутивті бақылауды анықтайтын когнитивтік тапсырманы қосумен зерттеуді жалғастыруды жоспарлап отырмыз.
Түйін сөздер: психогенетика, гендік полиморфизм, интеллект, қабілеттер, тұлғалық ерекшеліктер.









