Зияткерлік капитал – интеллектуалды ұлттың жемісі: әлеуметтанулық талдау

Авторлар

  • Ж. А. Сарсенбеков М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
  • М. Н. Сыздық М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
  • Г. К. Есіркепова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

DOI:

10.26577/JPsS.2020.v73.i2.18

Аңдатпа

Мақала зияткерлік капиталдың интеллектуалды ұлтты қалыптастырудағы орны мен рөліне арналған. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастауымен жүзеге асырылған «Интеллектуалды ұлт  –  2020» бағдарламасының қорытындысы есебінде М. Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушыларының бастауымен әлеуметтанулық зерттеу жүргізілді. Бұл зерттеудің қорытындылары мақалада ашылып көрсетілген.

Мақалада зерттеу жұмысының негізгі мақсатына зияткерлік капиталды студенттердің түсіну деңгейі мен оған көзқарастарын талдау арқылы қол жеткізілгендігі баяндалады. Сонымен қатар, негізгі мақсатқа сәйкес қойылған міндеттердің барлығына арнайы сұрақтарға жауап алу арқылы негіз берілді.

Мақалада зияткерлік капиталды интеллектуалды ұлттың жемісі ретінде қарастыра отырып, студент жастардың көзқарасы бойынша зияткерлік капиталға анықтама алып, оның Қазақстанның дамуында алар үлесі туралы мағлұматтарға әлеуметтанулық талдау жасалынды.

Зерттеудің мақсаты интеллектуалды ұлтты қалыптастыруда зияткерлік капиталдың әсерін анықтап, оның болашағын айқындау нәтижесінде бұқараға тиімді ақпараттық-коммуникативтік ықпал ету бағдарламасын әзірлеу табылды.

Түйін сөздер: зияткерлік капитал, адам капиталы, интеллектуалды ұлт, интеллектуалды әлеует.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-24