Комикстердің трансмедиасына өлшемдердің кросс-платформалық түйісуі
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v73.i2.17Аңдатпа
Контентті бірден бірнеше платформаларда орналастыру есебінен қарқыны артқан комикс- индустрия өз өлшемдері мен шынайылығын жасайды. Мультиплатформалық бастамалардың кең таралуы заманауи медиаландшафтты түрлендіреді.
Зерттеу мақсаты: ғаламдық жоба ретінде трансмедиалық стейкхолдерлер арасындағы комикс дискурсы өлшемдерінің кроссплатформалы қиылыстарын анықтау. Көркем, драмалық және сценарий өнімін синтездейтін күрделі кросс-медиа және трансмедиа-өлшемдері мен кеңістіктер желісін миллиондаған адамның ақыл-ойын билеген вирустық идея деп санауға болады. Ойлау шекарасының кеңеюі, шындықтан беймәлім қиял әлеміне өту адамдардың дүниетанымын, моральдық сенімдерін және саяси қызығушылығын қалыптастыра алатын медиакеңістіктің жаһандық өзара байланысына айналады.
Комикстердің трансмедиалық ортасының функционалдық ерекшеліктері мен белгілерін ғылыми талдау аудиторияның және осы бұқаралық мәдениет түрінің ізбасарларының негізгі сипаттамаларын анықтауға, коммуникацияның семиотикасы мен графикалық тілін үйренуге, идеологиялық аберрацияларды анықтауға, веб-комикстер бөлігінде қазақстандық трансмедиалық ландшафты картаға түсіру негіздерін салуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік интеракционизм теориясының контексінде тілдік белгілердің типологиясы қарастырылды, графикалық және мультимедиа комиксінің нақты үлгілерінің символдары мен бейнелері талданды. Автор комикстердің медиялық мәдени идеологиясы фанаттардың әртүрлі жас категорияларына әсер етуінің жалпыламалығы мен қазақстандық тұтынушыны комикстердің жаһандық маркетинг идеяларымен қамтудың жоғары деңгейі туралы қорытындыға келеді.
Түйін сөздер: трансмедиа, кросс-медиа, комикстер, кино, музыка, театр, сериалдар.









