Орталық Азия елдеріндегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасы

Авторлар

DOI:

10.26577/JPsS.2020.v73.i2.16

Аңдатпа

Бұл мақалада «Бір белдеу, бір жол»  бастамасының  әлеуметтік  тұрғыдан  қабылдануына,  осы жобаның іске асырылуы жайында Орталық Азия халқының хабардар болу деңгейіне, бастаманы қабылдауға әсер етудегі БАҚ-ты қабылдау ерекшелігі мен рөліне талдау жүргізілді. Сондай-ақ талдау нәтижелері «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде Қытай өндірістік қуатын Қазақстан аумағына шығару антиқытайлық митингілер куәгері болып табылатын елде антиқытайлық көңіл-күйді одан ары күшейтетінін көрсете отырып ұсынылды. Сонымен қатар мақалада бұл құбылыстардың толқындық сипаты бар екені, алайда ол белгілі бір өңірлерде жобаның дамуына айтарлықтай әсер ететіні ескерілді.

Мақалада Сара Лейн, Марлен Ларюэль, Азад Гарибов, Пауло Дуарте, Сафовудин Джаборов сияқты авторлар қарастырған «Бір белдеу, бір жол» бастамасының экономикалық, саяси және әлеуметтік проблемаларына талдау жасалынды. Сонымен қатар Қытайдың, қытайлық және Қытай көші-қонын Қазақстанға қабылдау мәселесі туралы жазылған А. Бурханов пен Йен Вон Чен мақалаларына талдау жүргізілді. Осы авторлардың еңбектерінде әлеуметтік аспектілер қозғалады, алайда саяси және экономикалық аспектілер тереңірек қарастырылады. Қытайдың бастамасына кедергі келтіруі мүмкін тарихи және мәдени факторлар, сондай-ақ институционалдық әлеует пен маргиналдық мәселелері қарастырылады.

Түйін сөздер: «Бір белдеу, бір жол» бастамасы, Қытай, Орталық Азия, әлеуметтік қабылдау.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-24