Мегаполис халқының кеңістіктегі өзін-өзі ұйымдастыруы: әлеуметтік-мәдени аспект

Авторлар

  • Г. А. Байжанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/

Аңдатпа

Қазіргі ғылымда мегаполистердің өзін-өзі ұйымдастыру парадигмасының өсуі әлеуметтану, география, сәулет, логистика және т.б. сияқты салаларда байқалады. Әлеуметтануда мега- полистердің өзін-өзі ұйымдастыруы мен урбанизацияны зерттеу бойынша тұтас сала құрылды. Зерттеудің мақсаты мегаполистер халқының кеңістіктік өзін-өзі ұйымдастыру теориясын шолу анализінен тұрады. Кеңістік категориясына қатысты әлеуметтік көзқарастар батыс зерттеушілері М. Вебердің, Зиммельдің, О. Шпенглердің еңбектерінде зерттелінді. Олар қазіргі заманғы өркениеттің тарихын қалалық өмір салтының қалыптасу тарихы ретінде көрсетіп жаңаша зерделеді. Мегаполистер осы тәсіл шеңберінде қоғамдық қатынастар негізінде адамдарды біріктірудің сапалы жаңа түрі ретінде қарастырылады. Қалалық кеңістікте өтіп жатқан әлеуметтік- мәдени процестерді зерттеу тәжірибесі заманауи қаланың дамуын талдау кезінде пайдалы  болуы мүмкін. Зерттеудің практикалық маңыздылығы деректер одан әрі ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметте, әсіресе әлеуметтану мәселелерін, қазіргі заманғы қалалық мәдениеттің, жаһанданудың түрлі аспектілерін қозғайтын теориялық  және  қолданбалы  пәндер  бойынша  оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін. Зерттеу әдісі ретінде зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми мақалаларға шолу талдауы жүргізілді. Зерттеу сипаттама түрінде және жаһандық экономикалық дамудың кейбір көрсеткіштеріне негізделген. Зерттеу негізінен урбанизация, халықтың өзін-өзі ұйымдастыруы және қалаларды дамыту контексіне жинақталған.

Түйін сөздер: кеңістіктік өзін-өзі ұйымдастыру, мегаполис, әлеуметтік-мәдени аспект.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-08-04