Әлеуметтік медиада жастардың тұтыну стилінінің қалыптасуы

Авторлар

DOI:

10.26577/JPsS.2020.v73.i2.14

Аңдатпа

Әлеуметтік желілер қазіргі уақытта Қазақстанның жас ұрпағы үшін ақпарат алудың кең тараған және танымал құралы болып отыр. Әлеуметтік желілерде фирмалар, брендтер және олардың тауарлары туралы үлкен ақпарат ағыны бар. Тұтынушылар сатып алу туралы шешімді тез және сенімді қабылдау үшін осындай ақпаратты қажет етеді. Өз кезегінде әлеуметтік желілер  бұл ақпаратты қол жетімді етті.

Мақалада әлеуметтік желілердің Қазақстан жастарының белгілі бір тұтыну стилін қалыптастырудағы әсері талданады. Алматы қаласында тұратын 21-30 жас аралығындағы жастардың онлайн-сауалнамасының мәліметтері ұсынылған. Тұтынушылардың мінез-құлқының анықтаушы факторы олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы болып табылатындығын ескере отырып, зерттеу кезінде респонденттердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына ерекше көңіл бөлінді, яғни олар әл-ауқатының деңгейі бойынша топтастырылған. Сонымен қатар, жастардың әлеуметтік-экономикалық топтары бойынша тұтынушылық артықшылықтарға салыстырмалы талдау жүргізілді.

В.И.Ильин, С.Фрис, Е.Л.Омельченко, П.Бурдье, Т.Лукман, И.Гофман, И.Н.Иванованың концепциялары, сонымен қатар К.Маркстің, М.Вебердің, Г.Зиммельдің, Т.Вебленьдің, В.Зомбарттың классикалық әлеуметтік теориялары қарастырылады. Алынған деректер негізінде жас тұтынушылар үшін әлеуметтік желілердің артықшылықтарын оңтайландыру бойынша практикалық кеңестер ұсынылған.

Түйін сөздер: әлеуметтік медиа, жастар, тұтыну, тұтыну стильдерінің қалыптасуы, Қазақстан, шоппинг.

Жарияланды

2020-07-24