Әйелдерде постнатальді депрессияның диагностика және клиникалық көрінісінің әлеуметтік аспектісі

Авторлар

  • A. S. Turegeldieva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • S. A. Amitov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JPsS.2020.v73.i2.11

Аңдатпа

Қоғамның қазіргі жағдайы депрессиялық аурулардың көбеюімен сипатталады, олардың бірі – босанғаннан кейінгі депрессия. Әлеуметтік тұрақтылықтың жеткіліксіздігі және қоғамның материалдық бөлінуі жағдайында әйелдерде босанғаннан кейінгі депрессияны уақытында диагностикалау, оны тудыратын факторларды анықтау, оны емдеудің жолдарын табу қажет, өйткені бұл жас ұрпақтың ақыл-ойына, тәрбиесіне және әлеуметтік бейімделуіне тікелей әсер етеді. Бұл жұмыста босанғаннан кейінгі кезеңде әйел депрессиясының түрлері қарастырылады. Постнатальді депрессия көріністері пайда болу факторлары зерттеледі, оның белгілері жүйелендіріледі, оның пайда болуының клиникалық көрінісі анықталады. Әйел постнатальді депрессия кезінде өз өміріне қанағаттанбауы сезіледі, өмір сапасы түбегейлі өзгеріп, теріс сипатқа ие болады. Қарапайым тәртіп бұзылады, бұл шындықты дұрыс қабылдауға, ойлауға, әрекет етуге кедергі жасайды. Постнаталды депрессия көріністері әйелдің өзіне ғана емес, оның баласына, басқа балаларына, күйеуіне де, яғни бүкіл отбасына да айтарлықтай әсер етеді. Ең күшті симптомдардың бірі туған әйелдерде әлеуметтік оқшаулану сезімі,  қоғам  өміріндегі  құлдырау, “өмір жүріп жатыр”деген сезім болып табылады. Мақалада постнатальді депрессияның алдын алу бойынша ұсыныстар беріледі. Ұсынымдар мен қорытындылар жүкті және бұрын туған әйелдермен практикалық жұмыста, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлерді даярлау процесінде пайдаланылуы мүмкін.

Түйін сөздер: постнатальді депрессия, клиникалық көрініс, әлеуметтік аспект, әлеуметтік оқшаулау, әлеуметтік қызметкер.

Жарияланды

2020-07-24