Қоғамның қабылдауындағы әлеуметтік жұмыс имиджінің мәні мен маңызын арттыру

Авторлар

DOI:

10.26577/JPsS.2020.v73.i2.10

Аңдатпа

Мақала қоғамның әлеуметтік жұмыс мамандығын түсінуін талдауға арналған, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлердің имиджін қалыптастыруға және қолдауға  әсер  ететін  фактор- ларды, оның ішінде кәсіби айырмашылық факторларын, өзін-өзі стигматизациялау мен индиф- ференттілікті анықтайды.

Мақалада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2019 жылы әлеуметтік зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы ірі мегаполис (Алматы қ.) халқы арасында жүргізген сандық зерттеудің нәтижелері берілген.

Зерттеу жалпы қоғамдағы жаңа кәсіби қызмет түрлерінің бірі ретінде әлеуметтік жұмыстың имиджін анықтауға, әлеуметтік жұмыстың фокусы мен ерекшелігі туралы хабардар болуға, сондай-ақ имидждік тұжырымдарға және стереотиптерге талдау жасауға бағытталған.

Әлеуметтік жұмыстың табиғи және тарихи қалыптасуына байланысты құрылымдық проб- лемалардан басқа, Қазақстандағы әлеуметтік жұмыстың дамуындағы  ішкі  шектеу  кедергілері де бар. Авторлар қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыстың алдында тұрған қазіргі заманғы сын- қатерлерге қоғамдық рөлдер мен әлеуметтік қызметтердің алуан түрлілігін қоғамдық түсіну жеткілікті дәрежеде дамымағанын назарға ала отырып, әлеуметтік жұмыстың ерекшелігін толық түсінбеуі, кәсіби айырмашылықтар мен шектеулердің болмауын, сондай-ақ оның статустық детерминациясы мен кәсіби үдеріске байланысты қиындықтар жатады деген қорытынды жасайды.

Түйін сөздер: әлеуметтік жұмыс, мамандық, индифференттік, өзін-өзі көрсету, қабылдау, әлеуметтік қызметкерлер.

 

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-24