Қазақстандағы гемофилияға шалдыққан адамдардың стресс деңгейі мен өмір сапасын зерттеу

Авторлар

  • A. R. Kupeyev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • O. Kh. Aimaganbetova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2020.v73.i2.09

Аңдатпа

Бұл мақала гемофилия диагнозы бар емделушiлердiң стресс деңгейі мен өмір сапасын зерттеуге арналған. Гемофилия - қанда 8 фактор немесе фактор 9 деңгейі аздығынан қан ұюының күрт төмендеуімен сипатталатын және адам өмірінің алғашқы айларынан немесе жылдарынан сыртқы қан ағуы мен iшкi қан ағулармен көрініс табатын тұқым қуалайтын ауру. Ерте жастағы мүгедектік, физикалық кемістіктер гемофилия ауруына шалдыққандардың бейiмделуiн үнемі шектейді. Тұрақты қорқыныш, үрей, болашақтағы сенімсіздік тұлға құрылымын өзгертеді. Гемофилияға шалдыққан емделушiлердiң ерекше белгілері, жеке тұлғаның үрейленуі, депрессия деңгейінiң жоғары болуы, өзін-өзі төмен бағалауы, төмен әлеуметтік белсенділік болып табылады. Түйін сөздер: гемофилия, гемофилия диагнозы бар емделушiлер, копинг-жүріс-тұрысы,

стресске төзімділік, стресс, өмір сапасы, резильенттілік.

Жарияланды

2020-07-24