Қылмыстық психология тұрғысынан қазіргі жастардың қылмыстық мінез-құлқының ерекшеліктері
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v73.i2.06Аңдатпа
Соңғы кезде елімізде жастар жасайтын қылмыстар саны артты. Қордай өңіріндегі оқиғаларда топтық төбелеске қатысушылар негізінен жасөспірімдер болғаны осы факторды растады. Бас
бостандығынан айыру мекемесінде отырған ең жас терроршы небәрі 17-де екені құпия емес. Діни-экстремистік және террористік ұйымдардың миссионерлері жасөспірімдерді интернет, әлеуметтік желілер арқылы өз қатарына жиі-жиі тартуда. Мақалада жастардың қылмыстық мінез- құлқының психологиялық ерекшеліктері, олардың жеке басының мотивациялық бағыттылығы, сондай-ақ, жастарды құқыққа қарсы әрекет жасауға итермелейтін сыртқы және ішкі себептер қарастырылады. Автор қылмыстық психологияның отандық және шетелдік мамандарының ғылыми зерттеулерін талдау негізінде қылмыскердің немесе террористің әлеуметтік-психо- логиялық бейінін ашады. Сонымен қатар, қылмыстық мінез-құлықтың уәждемесіне байланысты қылмыскерлердің психологиялық түрлерін ашуға үлкен назар аударады. Мінез-құлқы бұзылған (девиациясы бар) жастарды оңалтуға арналған психологтың психокоррекциялық жұмысының әдістемесі де баяндалады. Сондай-ақ, жастар саясаты мәселелері жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның кейбір басым бағыттары ашылады.
Түйін сөздер: аддикция, девиация, өзін-өзі таныту, психокоррекция, тренинг.









