Жоғары оқу орны оқытушыларының ұйымдастырушылық адалдығының болжамшысы ретіндегі мансаптық бағдарлары

Авторлар

DOI:

10.26577/JPsS.2020.v73.i2.01

Аңдатпа

Мақалада университеттің шет тілі оқытушыларының ұйымдастырушылық адалдығы мен мансаптық бағдарлары құбылыстарын пилоттық зерттеу нәтижелері келтірілген. Мансаптық құндылықтар ұйымдық адалдықтың болжаушысы ретінде қарастырылды. Жоғары білімнің ұлтаралықтығы, жаһандануы және көптілділігі көбінесе бірнеше жұмыс орындарында ағылшын тілін оқытатын шет тілі оқытушыларына деген сұранысты тудырады. Ұйымдастырушылықты (адалдықты) анықтау және қалыптастыру проблемасы, университеттің ұйымдастырушылық мәдениеті мен академиялық саясатының элементі болып табылады. Оқытушылардың кәсіби бағдарларын айқындау және оларға әсер ету арқылы ұйымдастырушылық адалдықты болжаушыларды түсіну осы құбылыстардың көп өлшемді байланыстары мен оқытушылардың ұйымшылдықты қалыптастыру жолдарын зерттеу бойынша зерттеулерді өзектейді.

Зерттеу нысаны – университеттердегі шет тілдерінің оқытушылары. Зерттеу пәні – ұйым- дастырушылық адалдық пен мансаптық бағдарлаудың компоненттері мен деңгейлері. Мақсаты: университет оқытушыларының ұйымдастырушылық адалдығын және олардың болжаушы ре- тінде мансаптық бағдарларын зерттеу. Жалпы гипотеза – бұл оқытушылардың ұйымдастырушы- лық адалдығы мен мансаптық бағдарлары арасында байланыс бар деген болжам. Пилоттық зерттеуге Алматы жоғары оқу орындарының 66 шет тілі оқытушысы қатысты. Мақаланың тұжырымдары зерттеу нәтижелерін көрсетеді.

Түйін сөздер: ұйымдық адалдық, жақтаушылық, мансаптық бағыт, университет оқытушысы.

Автор өмірбаяндары

  • Г. О. Taжинa, Әлеуметтік зерттеулер ортaлығы

    PhD

  • К. Т. Taировa, Халықаралық бизнес университеті

    Магистрант

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-24