Зағип аналардың ата-аналық әлемдік тәжірибесі

Авторлар

DOI:

10.26577/JPsS.2020.v72.i1.15

Аңдатпа

Зағип аналар қоғам тарапынан үлкен қолдауды қажет ететін ерекше топтардың бірі болып табылады. Дегенмен бұл мәселе көп елдерде не теориялық, не тәжірибелік тұрғысынан жеткілікті зерттелмеген. Зағип аналардың ата-аналық тәжірибесіне жүргізілген әлемдік тәжірибе ана барлық елде ана, бала барлық елде бала болып қалатындығын көрсетеді. Зағип аналардың ата-аналық тәжірибесі көзі көретін аналар тәжірибесіне ұқсамайды. Сондықтан зағип аналар бала күтіміне, тәрбиесіне қатысты әдіснамалық нұсқаларға, арнайы тренингтерге, арнайы веб-сайттарға, медициналық қызметкерлер мен әлеуметтік жұмысшылардың қолдауына мұқтаж. Сондай-ақ, туыстарының, достарының, тіпті көршілерінің де эмоционалдық және физикалық қолдаулары өте маңызды. Зағип аналардың ата-аналық сенімсіздігі бала психологиясына кері әсерін тигізеді. Мақалада зағип аналардың ата-аналық тәжірибесіне қатысты әртүрлі елдерде жүргізілген ғылыми мақалаларға талдау жасалған. Соның негізінде зағип аналардың ата-аналық тәжірибесінің негізгі мәселелері анықталып, зағип аналардың ата-аналық тәжірибесін жеңілдететін кеңестер мен ұсыныстар жасалған. Бұл кеңестерді зағиптарды оңалту орталықтары, медициналық мекемелер, әлеуметтік қызметкерлер, сондай-ақ зағип аналар өз тәжірибелерінде пайдалана алады. Зағип аналарды қолдау негізінде түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жасай отырып, олардың ана болуға және аналық өмірлерін жеңілдетуге ықпал ете аламыз.

Түйін сөздер: соқырлық, зағип аналар, зағип аналардың ата-аналық тәжірибесі, мүгедек ата-аналар.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-04-15