Жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлықты зерттеу: теориялық талдау

Авторлар

DOI:

10.26577/JPsS.2020.v72.i1.14

Аңдатпа

Бұл мақала жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлық тақырыбы бойынша     теориялық     мәліметтерді     әдеби     шолуға     бағытталған.     Тұлғааралық     қатынастар теориясы және интеграцияланған мотивациялық-ерік моделі сияқты екі негізгі теориялық модель қарастырылады. Бұл модельдер суицидтік мінез-құлықпен тікелей байланысты. Бұл модельдерді зерттей отырып, мақалада суицид және суицидалды мінез-құлық қауіп факторлары көрсетілген.

Мақалада суицидтік бағытталу көп зерттеуді талап ететін күрделі құбылыс ретінде қарастырылады. Авторлар өзіне-өзі қол жұмсауды талдай отырып, өзіне-өзі қол жұмсау және өзіне-өзі қол жұмсау қаупімен тікелей байланысты маңызды әсер ететін факторларды анықтайды. Сондай-ақ, суицидтік мінез-құлықтың қауіп факторларына назар аударылады.

Әдеби     шолу     барысында     жоғарыда     айтылған     суицидалды     мінез-құлықтың     үлгілері оларды эмпирикалық зерттеулерде қолдану үшін неғұрлым қолайлы екенін көрсетеді. Батыс зерттеушілері бұл негізгі модельдерді өзінің эмпирикалық зерттеулерінде қолданып, нақты нәтижелер алды. Қазақстандық қоғамның ерекшелігін ескере отырып, біз дәл нәтижелер алу үшін қазіргі заманғы модельдерді зерделеуді, сондай-ақ Қазақстанда жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлықтың қазіргі бар факторларын орнатуды ұсынамыз.

Біздің ойымызша, суицидтік мінез-құлықпен байланысты екі негізгі модельдің теориялық талдауы «Мегаполистің әлеуметтік өміріне суицидтіорентацияланған  жасөспімдердің интеграциясы» тақырыбы бойынша эмпирикалық зерттеуді әзірлеуге көмектесе алады.

Түйін сөздер: суицид, өзіне-өзі қол жұмсау, суицидтік мінез-құлық, жасөспірімдердің суицидтік бағытталуы.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-04-14