Университет оқытушыларының эмоционалды интеллектісі мен оқыту процесін басқару арасындағы байланыс: әдебиетке шолу

Авторлар

  • A. D. Burkhanova Халықаралық бизнес университеті image/svg+xml
  • G. O. Tazhina Халықаралық бизнес университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JPsS.2020.v72.i1.11

Аңдатпа

Эмоционалды интеллект тұжырымдамасы соңғы жылдары университет оқытушылары арасында     кеңінен     таралған     теориялық     және     практикалық     мәселе     болып     табылады. Сонымен қоса, оқыту процесін басқару тұрғысынан қарағанда, кез келген қоғамның білім беру саласында оқыту процесін басқару өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Эмоционалды құзіреттілігінің феномені өзін-өзі басқару, түсіну, талдау, эмоциялық жай-күйін басқара білу, өзгелердің эмоцияларын түсіне білу, сонымен қатар, өзге адамдардың әрекеттеріне әсер етуге қабілеттілік болып табылады. Осылайша, эмоционалдық құзіреттілікті түсіне білу оқыту процесінде жүрген мұғалімдердің сәтті әрі табысты басшылығына себеп болады. Психологиялық қабілеттерінен бөлек, интеллектуалды емес дағдылар университет мұғалімдерінің шешім қабылдауына, сондай-ақ, олардың оқыту процесін басқаруына әсер ететіні мәлім. Сондықтан, университет мұғалімдерінің эмоционалды интеллектісін зерттеудің маңызы зор екендігі айдай анық. Осылайша, бұл мақалада заманауи университет оқытушыларының эмоционалдық интеллект тұжырымдамасына байланысты әдебиетке шолу ұйымдастырамыз. Әдебиетке шолу түрлі деректер көздерін пайдалана отырып және негізінен айналасында шоғырланған мәселелерді көтере отырып өткізілді. Соның ішінде эмоционалды интеллект, оқыту процесін басқару мен олардың өзара байланысы қарастырылған. Осы қарастырылған әдеби көздері әрбір мәселе бойынша бөлек топтастырылған. Және де авторлардың тұжырымдарын пайдалана отырып, қойылған әрбір мәселелердің зерттеулер кемшіліктерін деректерді талдап анықтауға негізделген.

Түйін сөздер: эмоционалды интеллект, оқыту процесін басқару, университет оқытушылары.

Жарияланды

2020-04-14