Оқытушылардың психологиялық даярлығы мен инновациялық әлеуметтенуінің үздіксіз кәсіби білімденуіне әсері
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v72.i1.17Аңдатпа
Бұл мақалада қазіргі білім беру жағдайы өткенмен салыстырғанда өзгеше сипатқа ие. Оқытушылардың психологиялық даярлығы мен инновациялық әлеуметтенуінің үздіксіз кәсіби білімденуіне әсері өмір салтын қалыптастыратын мәселелер еліміздің әлеуметтік және технологиялық маңызды өзгерістерімен айқындалуда. Білім берудің жаңа деңгейі өз дәрежесіне сай келуі, яғни техникалық және ғылыми прогреспен бірге алға жүріп отыруы керек. Университет өмірінде үздіксіз оқу-тәрбие процесінің жемісі, әрбір студентке жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екеніне бағыттау оқу процесіндегі ең маңызды факторлардың бірі болып табылатындықтан, оның өзгешеліктері мен кемшіліктерін, айырмашылықтарын, әсерін, құндылықтарын талдау күшті зерттеулерді,инновациялық қатынастар аумағындағы көптеген сұрақтардың жауабын іздестіруді талап етеді. Осы сәттен бастап Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту басталады, дәстүрлі білім беруді өзгертуге жүйелі әрекет жасалуда, білім беру процесінде педагог пен білім алушының өзге (классикалық мазмұннан өзгеше) мазмұны, тәсілдері, өзара әрекеттесуі ұсынылады. Бұл үдерістердің себебі қазіргі білім беру жүйесінің қазіргі заманғы ақпараттық, жоғары технологиялық әлемнің талаптарына жауап беруге қабілетсіздігінен туындайды.
Түйін сөздер: үздіксіз кәсіби білім беру, оқытушы, психологиялық, даярлық, инновация, әлеуметтену, университет, студент, технократия.









