Құмар ойындарға бейім тұлғаның психологиялық ерекшеліктері
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v72.i1.07Аңдатпа
Мақалада казинода құмар ойындарды қатты ұнататын адамның ойын тәуелділіктің даму проблемасын зерттеген бірқатар ғалымдардың, философтардың және психологтардың теориялық көзқарастары баяндалған. Құмар ойынға шамадан тыс құмарлықтың факторы мұндай адамның санасы мен өзіндік санасының деструктивті дамуына әкеледі. Қазіргі заманғы психологиялық зерттеулердің бірқатарында бұл проблема құмар ойынның психикасына, сана-сезіміне және жеке басына деструктивті әсерін кеңінен тануға байланысты ерекше мәнге ие. Мақала «құмар ойындарға бейім адамның психологиялық ерекшеліктерін» зерттеуге арналған.
Зерттеу мақсаты: азарттық ойындарға тәуелді адамдардың тұлғалық ерекшелектерін анықтау, сонымен қатар ойынға тәуелділігінің алдынөалу, психологиялық тұзету және игеру нұсқаларды өндеу.
Зерттеудің ғылыми маңызы: жұмыста азарттық ойындарға тәуелді адамдардың тұлғалық ерекшеліктері аңықталып, сипаталыңды. Адамның азарттық ойындарға психологиялық тәуел-ділігінің пайда болуы мен дамуына мінез-құқық және әлеуметтік негізделүінің мазмұны ашылды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: алыңған нәтижелер негізінде азарттық ойыңдарға психологиялық тәуелді адамдармен профилактикалық жұмыстар бойынша практикалық нұсқаулар жасалды.
Зерттеу әдістері: 1) «Тәуелділікке тест», М. Мурто, Нимела И.; 2) өзін-өзі тану сұрақтары А. Маслоу; 3) К. Леонхардтың бейімделген характерологиялық сауалнамасы - Г.Шмишек; 4) реактивті (жағдайлық) және C. Д. Спилбергердің жеке уайымы - Ю.Л.Ханин.
Зерттеу мәні: 1) эмиприкалық жолмен азарттық ойындарға құмар тұлғаның психологиялық ерекшеліктері мен әлеуметтік себептері анықталып, сипаталынды; 2) адамның ойын белсенділігінің объективті және субъективті себептерінің өзара байланыс сипаты алғаш рет ашылды; 3) жағдайлық және ұлғалық мазасызданудың индивидуалды-психологиялық көріністерімен байланысты ойынға тәуелді және тәуелсіз адамдардың темперамент типтері аңықталды.
Зерттеуде адаманың ойындарға кірігуін болжайтын тұлғалық ерекшеліктерінің сипаттамасы аңықталды, олар «Тұлға психологиясы», «Әлеуметтік психология», «Заң психологиясы» және «Медициналық психология» пәндері бойынша типтік және оқыту бағдарламаларын құру кезінде нақтылануы мүмкін.
Түйін сөздер: тұлға, құмар ойындары, аддиктивті белсенділік.









