Инсулинге тәуелді адамдардың өмірге қанағаттануы мен ауруға қатынасы

Авторлар

  • Р. Т. Алимбаева Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
  • Г. Б. Капбасова Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
  • М. П. Кабакова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml https://orcid.org/0000-0002-5374-3305
  • С. О. Бурленова Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
  • М. Н. Джумагельдинов Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

DOI:

10.26577/JPsS.2020.v72.i1.03

Аңдатпа

Мақалада инсулинге тәуелді адамдардың ауруға қатынасы мен өміріне қанағаттанушылық сияқты маңызды медициналық-психологиялық мәселе көтеріледі.

Мақалада инсулинге тәуелді адамдардың ауруға қатынасы және өміріне қанағаттанушы-лық сияқты маңызды медициналық-психологиялық мәселе көтеріледі. XX ғасырда өмірге қанағаттанушылық әлеуметтік-психологиялық ғылымдарды зерттеу объектісі болды, ал қант диабеті медицинаның зерттеу пәні болған еді. Осыған байланысты қант диабетімен ауыратын адамдардың өміріне қанағаттанушылық, ауруға деген қарым-қатынасы мен өмір сүру сапасын арттыру арасындағы өзара байланыс қарастырылатын зерттеулер ерекше қызығушылық тудырады. Біздің зерттеудің әдіснамалық негізін М. Айзенк және Г. Айзенк, Л.В. Куликов, Р.М. Шамионов сияқты авторлардың еңбектері құрды. Олар өмірмен қанағаттануды денсаулық, жас, материалдық әл-ауқат тұрғыларынан зерттеген болатын. Бірақ қарастырылған аспектілер қазақстандық психологияда инсулинге тәуелді адамдардың өміріне қанағаттанушылықты зерттеуде бос орындар бар екенін көрсетіп отыр.

Зерттеу нәтижелері инсулинге тәуелді адамдарда ауруға деген қатынас егер өмірге қанағаттанушылық деңгейі төмен болса теріс эмоционалдық түспен белгіленетінін көрсетті. Аурудың қабылдануы сыналушылар ауруға өмір салты ретінде қарайтын кезде жүзеге асады, тиісінше, өзін-өзі бақылау ауруды бақылау тәсілі ретінде қабылданады, ол өз алдына өмір сапасы мен қанағаттануын арттырады. Алынған нәтижелер қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу әдістерін әзірлеумен айналысатын медицина және психология саласындағы мамандарға пайдалы болуы мүмкін. Пациенттердің өмірге көзқарасы туралы білім, олармен өзара әрекет сызбаларын құруда сенімді негіз бола алады. Тәжірибелік маңыздылығы зерттеу нәтижелерін инсулинге тәуелді адамдарды психологиялық сүйемелдеуде пайдалану мүмкіндіктерінен тұрады.

Түйін сөздер: ауруға қатынас, өмірге қанағаттанушылық, инсулинге тәуелділік, қант диабеті, эмоциялар, ауру.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-04-14